Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлының онлайн кездесуі
2020 жылдың 19 желтоқсаны күні Парламент Мәжілісінің депутаттығына үміткер Әлтай Аманжол Дүйсенбайұлы Приозерск қаласының тұрғындарымен “ZOOM” платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында партияның негізгі сайлауалды бағдарламасы туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізіп, алдағы жұмыс жоспарларына тоқтала кетті. Сонымен қатар білім саласы, рухани жаңғыру бойынша және де басқа да сұрақтар талқыланды. Жастарды қазақ тілін насихаттауды және қазақ тілінде сөйлеуге шақырды. Қала тұрғындарынан сұрақтар қойылды және сұрақтарға толықтай жауап берілді.
Кездесу соңында кандидат сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan»партиясына өз дауыстарын беруге шақырды.
БІЗ ҚИЫНДЫҚТЫ ЕҢСЕРІП, ЖЕҢІСКЕ БІРГЕ ЖЕТЕМІЗ!
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

