Мазмұнға өту

Жаңа

"Көңіл толқыны" күйі

"Екі ішектің бірін қатты,

Бірін сәл-сәл кем бұра.

Нағыз қазақ, қазақ емес,

Нағыз қазақ - домбыра" деген.

Қазақ қиналса мұң-зарын домбырамен зарлатып отырып жеткізген, қуанса қуанышын шаттанып домбырамен шарлатып отырып жеткізген. Күйін күмбірлетіп, ғажап әуез, қоңыр күмбірмен қазақтың қазақтығын айқындайтын қазақтың қара домбырасын жанына серік еткен ақын, сал-серілеріміз, дәстүрлі әншілеріміз өнер саласында құлақтың құрышын қандырып ән әлемінде тербей берсін!

Қазақтың қара домбырасымен көңілін күймен жеткізген Секен Тұрысбековтің "Көңіл толқыны" күйін тыңдай отырыңыздар.

Сілтемені басу арқылы бейнені көруге болады:

https://www.facebook.com/100013504802986/videos/1102600956866721/

0
0
550

Газ мәселесі реттелді

Ұзын-сонар кезек жойылды. Жағдайдың реттелгеніне толық көз жеткізу мақсатында "Nur Otan” партиясы Маңғыстау облыстық филиалы Партиялық бақылау комиссиясы қала мен оған іргелес орналасқан елдімекендерді аралап, газ құю бекеттерін шолып шықты.

⁃ Облыста соңғы күндері орын алған жағдайға байланысты "Nur Otan" партиясы Маңғыстау облыстық филиалы шұғыл түрде әрекет етті. Жергілікті билік өкілдерімен, сонымен қатар Партиялық бақылау комиссиясының кезектен тыс отырысын өткізіп, мәселені шешу жолдарын қарастырдық. Жауапты басқарма басшысына нақты тапсырма берілді. Бүгін жағдай реттелгенін байқауға болады. Бақылауда ұстаймыз, - дейді партияның облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Е.Әбілов

0
0
207

Күй өнері - қазақ халқының ең басты рухани байлығы

Күй өнері - қазақ халқының ең басты рухани байлығының, жан дүние байлығының ең бір киелі, қасиетті түрі.

Ендеше, киелі домбырады күмбірлетіп күй орындаған Жаңаөзен қалалық білім бөлімінің Саз мектебі оқушылары Жаулыбай Жұмабек, Қалаубай Бекзаттың орындауында Әубакировтың ”Талас” күйін қабыл алыңыздар.

Сілтемені басу арқылы бейнені көруге болады:

https://www.facebook.com/100013504802986/videos/1102454863547997/

0
0
238

«Есіктен есікке» шарасы жалғасын тапты

«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша облыстық сайлауалды штабтың басшысы Елубай Әбілов пен ҚР Мәжілісі депутатына кандидат Самат Мұсабаев бүгін Мұнайлы ауданында болды.Акция барысында аудан халқының шаңырақтарына арнайы барып, партияның жетістіктері туралы баяндап, сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. 2007 жылы Тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың жарлығымен құрылған Мұнайлы ауданы бүгінде өмір сүруге қолайлы өңірге айналып келе жатқаны сөз етілді. Қандастарымыздың ең көп шоғырланған ауданның дамуына ерекше мән беріліп, инфрақұрылымы толықтай жүргізілген, жолдар кезең-кезеңімен салынуда, мектеп-балабақшамен толық қамтылған, медициналық орталықтар да аудан халқының өсуіне орай бой көтеруде екені жеткізілді. Сондай-ақ аудан…

0
0
197

«Nur Otan» партиясының Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев Бауыржан Байбекті қабылдады

Сонымен қатар Нұрсұлтан Назарбаевқа өңірлерге сапарлар мен партия өкілдерінің кейбір елді мекен тұрғындарымен өткен кездесулерінің қорытындылары туралы мәлімет берілді.

Сондай-ақ Б.Байбек партияның сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарының орталық және өңірлік деңгейдегі жоспарымен таныстырды.

– Біз бюро отырысы мен партия съезін өткіздік. 216 сайлауалды бағдарлама бекітілді. Енді жан-жақты түсіндіру жұмыстарын жүргізу керек, – деді Елбасы.

0
0
163

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысты

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бе…

0
0
261