“Nur Otan” партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, 10 қаңтарда партиямызға дауыс беруге үгіттеу жұмыстарын жүргізді.
Ал екінші кандидат Батыржан Қорғанбаев болса «Өркен» шағынауданының басқа бірқатар үйіне, азық-түлік дүкендерге соғып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Акция барысында қала тұрғындары тарапынан келіп түскен сұрақтарға жауаптар беріліп, ұсыныс пікірлері тиісті мекеме басшыларына жеткізілетіні айтылды. Жалпы көптеген мәселені шешу шарасы партияның 2021-2025 жылдарға арналған сайлауалды бағдарламасында қарастырылған.
"Nur Otan" партиясының атынан облыстық мәслихатқа үміткер Бибігүл Қуанышқызы Кушекова бастауыш партия ұйымымен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Жалпы елімізде білім саласына айрықша көңіл бөлініп, бұл салаға бағытталған реформалар жүйелі түрде іске асып келе жатыр. Келешегінің кепілі бола білетін мыңдаған жастарымыз шетелде білім алып түрлі салада қазіргі күні қызмет атқарып жатыр. Бұл жөнінде облыстық мәслихаттың депуаттығынан үміткер Бибігүл Қуанышқызы кеңінен талдап-талқылап өтті.
Сонымен қатар ауданымыз бойынша жеті бағыттың бірі болып саналатын инклюзивті білім беруге жағдай жасалған мектептердің жалпы үлесі 72% (32бірлік) ,473 баланы (88,2 %) қамтиды. Бұл көрсеткіш алдағы уақытта мақсатты түрде қолға алып кезең-кезеңімен жүйелі түрде жүзеге аса бермек,-деді Б.Кушекова.
Жиын барысында облыстық мәслихаттың депутатқа үміткерге бірқатар білім жайында сауалдар қойылып тұщымды жауаптар қайтарылды.
"Nur Otan" партиясы нақты батыл қадамдарға барып өзінің істері арқылы елдің экономикалық тұрғыдан биік сатыдан көрініп отырғандығын жиналғандар растап, алдағы сайлауда нақты шешім шығара алатын партияны қолдап дауыс беретіндіктерін айтып ойларын ортаға салды. 10 қаңтар күні , еліміздің ертеңі үшін жұмыс атқаратын,атқара білетін жоспарлары жүйелі түрде іске асатын партияны көпшілік қолдайтындығын айтып жиналғандар жеткізді.
Сондай-ақ, биылдың 11 айында халыққа 425 мың шаршы метр тұрғын үй беріліп, өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 104,3% құраған. Қалған 187 мың шаршы метр осы желтоқсан айында тапсырылады дейді басқарма басшысы.
Міне биыл халқымыздың ғасырлар бойы аңсаған Тәуелсіздігіне ие болғанына 29 жыл. Осы аз уақыт ішінде еліміз көптеген жетістікке қол жеткізді. Мемлекетіміз ұзақ мерзімді стратегиялық жоспарлар, іргелі бағдарламалар қабылдап солардың бәрін сәтті жүзеге асырып келеді. Қазақстандықтар алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілді. Бұл тұрақты саясат пен ішкі бірліктің арқасы. Яғни рухы биік, намысы берік бабаларымыздың ғасырлар бойғы асыл мұраты — азаттықты аялау, тағдыры ортақ тұтас халқымыздың татулығын сақтау біздің басты мұратымыз.
Қазақ деген халықтың өресі биік, өрісі кең екенін әлем жұрты білді. Бүгінде еліміздің осынау толымды табыстарға қол жеткізуі Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салиқалы саясатының арқасында деп білеміз.
Құрметті Отандастар!
Ұлттық намысымызды оятқан, әлемге қазақты азаттық сүйгіш, рухы биік, намысы берік халық ретінде жариялаған Тәуелсіздік күні құтты болсын!
Еліміздің дәулеті, халықымыздың береке- бірлігі жолындағы игілікті істер таусылмасын! Тәуелсіздігіміз мәңгі болғай!
Nur Otan партиясы Шымкент қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Бахадыр Нарымбетов
Бұқаралық ақпарат құралдары арқылы, кандидаттардың және олардың сенімді өкілдері арқылы сайлаушылармен онлайн және офлайн кездесулер, қоғамдық қабылдаулар, үнпарақтар тарату жұмыстары осы маңызды кезеңде жүзеге асады.
«Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!» атты ұранмен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп жатқан «Nur Otan» партиясы маңызды кезеңде өте белсенді жұмыс атқарып жатыр. Осы орайда 19 желтоқсан облыстық мәслихат депутатына үміткер Киікбай Ешманов пен Ақтау қалалық мәслихат депутатына үміткерлер Ерген Сыражанов және Мұратбек Досжанов сайлаушылардың үйлеріне арнайы барды.
Үміткерлер канвассинг барысында "Ақтау қаласының құрметті азаматы" атанған «Nur Otan» партиясы Ақтау қалалық филиалы жанындағы ардагерлер тобының жетекшісі Ерімбет Әділұлы Жаңбыровтың үйіне арнайы барып, еңбегі үшін алған марапатымен құттықтап, партияның игі жұмыстарымен таныстырды. Халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға арналған басты бағыттарына тоқталды. «Nur Otan» партиясы ең алдымен мемлекеттің әлеуметтік кепілдіктерін нығайтуға күш салатынын, инфляция деңгейін ескере отырып, әлеуметтік төлемдерді индекстеу жүргізетінін атап өтті. Әлеуметтік көмек көрсетудің тәсілдерін біріздендіруге, оның ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін бірыңғай әлеуметтік кодексті әзірлеу жоспарда бар екенін де баяндады.
Кездесу соңында депутаттық мандатқа үміткерлер көпке үлгі болар "Құрметті азаматтың" батасын алып, отбасымен сайлауда белсенділік танытуға шақырды.
Билеуші партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді.
Алматы қаласының сарапшылар қауымымен кездесуде азаматтар мен мемлекеттің арасындағы кері байланысты жолға қоюда азаматтық сектордың қатысуы мен рөлін одан әрі кеңейту мәселелері талқыланды.
«Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сараптама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Б.Байбек. @baibekbk
Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы азаматтар сауалдарының бірыңғай электронды жүйесін жасауды, барлық өңірде халық қатысатын бюджетті ендіруді, квази мемлекеттік секторда қоғамдық кеңестердің құрылуын қамтамасыз етуді және тағы басқаларды жоспарлап отыр.
Мемлекеттік органдардың тиімділігі мен есеп берушілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы шенеуніктердің жалақысын азаматтардың әл-ауқатымен байланыстыра қарауды ұсынады. Бұл орайда өңірлердің жергілікті мәселелерді шешуде дербестігі артатын болады.
Таяу 5 жылдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау болмақ.
«Nur Otan» партиясы салықтардың санын қысқартып, оларды есептеу тәртібін оңтайландыруға, әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілер үшін ҚҚС-ын төмендетуге, экономиканың нақты секторларын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасауға қол жеткізеді. Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан мониторинг жасау енгізілмек.
Бизнесті санкцияланбаған тексерулерден қорғау үшін бизнесті салықтық заң бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегін қайта қарау жоспарлануда. Сот пен прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым салынады. Азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау талаптарына сай келмейтін барлық нормативтік-реттеу құжаттары алынып тасталады.
⠀«Nur Otan» партиясы жас стартапшыларды қолдау мақсатында деректерді өңдеу мен сақтау саласына инвестицияларды 6 есеге, яғни 500 млрд. теңгеге дейін арттыра отырып, 1000 жаңа ІТ-компания ашуды ынталандырады.
⠀
Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары – фриланс, қашықтан және ішінара жұмыспен қамтылу бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік кепілдікті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету көзделеді. Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
⠀Ертең Республикалық сайлауалды штаб Ақмола облысында бірқатар кездесулер өткізеді. Одан әрі 5 күн қатарынан Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарымен кездесулер жоспарланған. @nur_otan_almaty @stanislav_kankurov
Бүгін Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер кандидаттар, соның ішінде: Серікжан Бақытұлы Жексембиев, Жандос Қасқырбекұлы Тенелбаев, Нұржан Нұрланұлы Рахметқазынов, Әділ Әбенұлы Боқбасаров, Гүлшакира Қожахметқызы Құйқалақова жас сайлаушылармен бірге Жаңаталап ауылындағы "Бақыт-Қаратал" АҚ аумағында "Менің алғашқы сайлауым"атты үгіт-насихат кездесуін өткізді. Үгіт-насихат жұмыстары үш негізгі тәсілмен: БАҚ арқылы, кандидаттардың және олардың сенім білдірілген адамдарының сайлаушылармен кездесулері арқылы және де баспа, және басқа үгіт материалдарын шығару, тарату арқылы жүзеге асырылды.
«Nur Otan» партиясының Ақмола облысының мәслихатының депутаттығынан үміткер Қорлан Жаңалыққызы Әлімова, Бурабай ауданы Қарашілік ауылының тұрғындарымен кездесіп сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Жалпы «Nur Otan» нақты істін партиясы болып саналатындығын, партияның атқарып жатқан жұмысына тоқталып, қазіргі күні елбасының тапсырмасымен елді-мекендерді гүлдендіру мақсатында атқарылып жатқан жұмыстар жайлы кеңінен таныстырып өтті.
Біздің партияның құндылығы – адам, бостандық, заңның үстемдігі, әділеттілік, ынтамақтыстық арқылы болашаққа жол ашу, – деді Қорлан Жаңалыққызы өз сөзінде.
Қарашілік ауылының тұрғындары оның ішінде зейнеткерлер мен жұмысшы қауымының өкілдері ел экономикасын көтеріп нақты батыл қадамға бара білетін «Nur Otan» партиясына дауыс беріп еліміздің одан әрі дамуына үлес қосамыз деп бір ауыздан үміткердің бағдарламасын қолдады.
Жалпы ауыл тұрғындарының айтуына қарағанда бүгінгі күні медициналық амбулаторияның жоқтығын айтып облыстық мәслихаттан үміткерге сауал жолдады.
Бұл сауалға Қорлан Жаңалыққызы: – «Nur Otan» партиясы үшін азаматтардың денсаулығына қамқорлық жасау басты міндеттердің бірі болып табылады. Бұл бағдарламызда айқын әрі нақты жазылған. Кем-кетіктің орның толтырамыз,-деп сенімді түрде жауап берді.