Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Парламент Мәжілісіне және қалалық Мәслихат депутаттығына үміткерлер қала тұрғындармен жүздесті.

Кездесу барысында Мәжіліс депуттағына үміткер Дархан Мыңбай, Ғани Ташқараев сонымен қатар қалалық Мәслихат депуттатығына үміткер Құрманбекова Гүлнар, Талғат Балтабаев Сайлауалды бағдарламасы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сондай ақ «Nur Otan» партиясының белсенді мүшелері, зиялы қауым өкілдері мен БАҚ саласының қызметкерлері де алғы шепте болды. Солардың бірі «Nur Otan» партиясының белсенді мүшесі , «Үш байлық» қоғамдық қорының көшбасшысы Асанғазы Оразкүл және «Хабар» агенттігі АҚ басқарма төрағасының Бірінші орынбасары Кертаев Ринат басқосу барысында партияның атқарып жатқан жұмыстары жайында кеңінен түсіндірді.

Айта кету керек, «Nur Otan» тек аға буын өкілдерінің, мемлекеттік қызметкерлердің партиясы емес, мұнда әйелдер мен жастар қауымы да ерекше басымдылыққа ие. Әсіресе биыл өткен Праймериз жас лидерлердің, қыз-келіншек көшбасшыларының да партиялық тізімге еніп, олардың елді дамытуға, Тәуелсіздікті нығайтуға мүмкіндігі бар екенін нақ көрсетті. Кездесу интерактивті форматта сұрақ-жауап, ұсыныстарды тыңдау арқылы өтіп жатыр

Осындай кездесулер алдағы уақытта Қаңтар айының 8-жұлдызына дейін жалғасатын болады.

0
0
141

Осы тақырып бойынша

Парламент Мәжілісіне және қалалық Мәслихат депутаттығына үміткерлер қала тұрғындармен жүздесті. - Yvision.kz