Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 29 жыл толып отыр

Мен Сыздықова Жаңылдық Зарлықызы бүгінгі таңда Бурабай ауданының ардагерлер кеңесінің төрайымы қызметін атқарамын. Сіздерді келе жатқан ұлтымыздың ұлы тойы Тәуелсіздік күні мерекесімен құттықтаймын. Бұл мереке мен үшін өте қастерлі де, мәртебелі. Тәуелсіздік — ата-бабаларымыздың асыл арманы. Біз тәуелсіздікті бабалардың нақылымен, халқымыздың парасатты ақылымен алдық. Соның қадірін ешқашан ұмытпауымыз қажет.

Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 29 жыл толып отыр. Қазақстан - бүгінде

Еуразияның жүрегінде орналасқан, тату-тәтті өмір сүріп жатқан көпұлтты мемлекет. Аз уақыттың ішінде еліміз бізден едәуір уақыт бұрын тәуелсіздіктерін алған мемлекеттерді қуып жетіп, спорт, білім, ғылым, мәдениет, өнер жағынан әлемнің алпауыт елдерімен терезесі теңеле түсуде.Татулық пен бірлікті алға тартқан Елбасымыз көш бастап, Қазақстан бүгінде Орта Азиядағы дамушы елдерден алда келеді.

Әлемдік дәрежеде спорттық жарыстарды ұйымдастырып, мықты деген елдердің ұйымына төраға болып, дүние жүзіне аты әйгілі, өзінің қандай ел екенін уақыт өткен сайын дәлелдей түсуде.

Тәуелсіздігін алған күннен бастап Қазақстан дамудың жаңа сатысына көтеріліп, талай биік белестерді бағындырып келеді. Өзге елде жалауымыз көк аспанда желбіреп, рухымызды асқақтатар айбынды әнұранымыз шырқалғанда әрбір қазақстандықтың жүрегінде еліне деген мақтаныш сезімі орнайды.

0
0
207

Осы тақырып бойынша

Қазақстанның тарих сахнасынан ойып тұрып орын алып, Тәуелсіз ел болып құрылғанына 29 жыл толып отыр - Yvision.kz