Сарсынбай Мулдашев facebook әлеуметтік желісі арқылы тікелей эфирге шықты
Биылғы сайлаудың ерекшеліктерінің бірі үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу және оны жетілдіру мақсатындағы жұмыстардың түрлі бағыттармен толыққандығы болып отыр. Солардың бірі "Үміткерге сұрақ қой" айдары. Бұл түрлі әлеуметтік желілер және ZOOM платформасы арқылы депутаттыққа үміткерлердің халықпен тікелей эфир арқылы байланыс орнатуы.
Бүгін 17 желтоқсан күні "Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Сәрсенбай Молдашев facebook әлеуметтік желісі тікелей эфир арқылы аудан тұрғындарымен байланыс орнатып сұрақтарға жауап берді. Сонымен қатар Сәрсенбай Молдашев алдағы сайлаудың маңыздылығын да тілге тиекетіп партияны қолдауға шақырды.
"Nur Otan" партиясы Казталов аудандық филиалы
