Адам денсаулығы – «Nur Otan» партиясының негізгі басымдықтарының бірі.
Сондықтан отандық денсаулық сақтау жүйесін білікті кадрлармен, заманауи құрал-жабдықтармен, диагностика және емдеу әдістерімен қамтамасыз ету қажет.
Үгіт- насихат жұмысы барысында Парламент мәжілісіне үміткер Гани Ташкараев "Жәрдем" бастауыш партия ұйымымен кездесті. Оларға партияның 2025 жылға дейінгі бағдарламасында денсаулық сақтау саласы бойынша істелінетін жұмыстарды таныстырып, емдеу мекемелерінің материалдық базасын ғана дамытып қоймай, 2023 жылы дәрігерлердің еңбекақысын 2,5 есе өсіріп, яғни кем дегенде 550 000 теңгеге дейін, ал орта медициналық персоналдың жалақысын кем дегенде 190 000 теңгеге көбейтуін көздеп отырғанын жеткізді.
Жоспарға сәйкес, 2023 жылы Шымкентте шетелдік заманауи техникамен жабдықталған мың орындық көпсалалы аурухана халық игілігіне беріледі. Медициналық нысандар тапшылығын шешу мақсатында алдағы бес-он жылда медициналық мекеменің құрылысы жүргізіледі. Бұл тек атқарылатын жұмыстардың бір бөлігі ғана.
«Nur Otan»- нақты істер партиясы!
