Мәдениет - адамзаттың ой - өрісін кеңістігін дамытады. Мәдениет адам баласын тәрбиелейді.Ерейментаулықтар өнерімен өрге жүзіп, талай биіктерді бағындырғанын жергілікті халық жақсы біледі.Қазақта халқында тамаша мақал бар: «Бұлақ көрсең, көзін аш» дейді. Жыл сайын сахна төрінде жаңа буынның есімі аталып, өнер әлемі қанат жаяды.Мәдениет үйінің қызметкерлері өнерлі жастарды тәрбиелеумен қатар, түрлі деңгейдегі іс-шараларға қатысып, ауданның мерейін өсіріп, мәртебесін арттырып келеді. Жүлделі орындармен марапатталып жүр. Көмейіне бұлбұл ұялаған әншілер, мың бұрала майыса билейтін бишілер, түрлі музыка аспаптарында шебер ойнайтын өнерпаздар аудандық мәдениет үйінің абыройы. Аудан , облыс көлеміндегі барлық іс-шаралардың жоғары дәрежеде ұйымдастырылуына атсалысып, әркез көрерменнің ыстық ықылас…