Мазмұнға өту

Жаңа

" Есіктен есікке" жобасы аясында Мақаш ауылдық округінің еңбек ардагерлерімен кездесу

"Nur Otan "партиясының " Есіктен есікке" жобасы аясында Мақаш ауылдық округінің еңбек ардагерлерімен кездестік.Ардагерлердің ашық ойларын тыңдап және партияның игілікті бастамаларымен жобаларын таныстырдық. Соның ішінде партияның түрлі бағыттарда іргерлеуге арналған бағдарламалары да бар.

Жұмыссыздықты азайту, жастарды кәсіпке баулу, спортты және мәдениетті дамыту .Ауылды көркейту жолындағы жобалар тағысын тағы барлығы қамтылды.

Сөз соңында аталарымыз бізге сәттілік тілеп,батасын берді.

# Nur Otan

# Nur Otan ДАУЫСБЕР.

#BIZBIRGEMIZ

0
0
174

Құрманғазы аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті

Құрманғазы аудандық партиялық бақылау комиссиясының отырысы өтті. Отырыста төмендегідей мәселелер қаралды:

1. Аудандық сайлауалды штабының атқарылған жұмысын тыңдау;

2. Желілік кесте бойынша өткізілетін кездесулерді қадағалау;

3. Кездесу кезіндегі ұсыныс-пікірлер;

4. Екінші толқын бойынша үгіт-насихат жұмыстарын жетілдіру.

Қаралған мәселелер бойынша ұсыныс-пікірлер айтылып, тиісті шаралар қабылданды.

0
0
118

Аудандық балалар және спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесу

«Nur Otan» партиясынан аудандык маслихатқа ұсынылған депутаттыққа үміткерлер Арыстанова Унай Құмарғалиқызы, Биғамбаев Мәлік Қабдрашұлы және «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Амантурлин Жанай Ислямғалиұлы аудандық балалар және спорт мектебінің қызметкерлерімен кездесті. Үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасындағы Басты міндеттерімен таныстырды. Соның ішінде сапалы білім беру, мұғалімдер мен шәкірттерді қолдау, спортты дамыту мәселелеріне ерекше тоқталды. Сайлаушылар сұрақтарына жауап беріп, оларды партияның сайлауалды бағдарламасын қолдауға, алдағы сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беріп, ұйымшылдықпен қатысуға шақырды.

0
0
186

Бүгін Бәйдібек аудандық "Nur Otan" партиясы аудандық филиалында аудандық Сайлау штабы ашылуы өтті.

Бүгін Бәйдібек аудандық "Nur Otan" партиясы аудандық филиалында аудандық Сайлауалды штабының таңыстырылымы өтті. Онда "Nur Otan" партиясы аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары, аудандық Сайлауалды штабының төрағасы Т.Қ. Дүйсенбеков үгіт-насихат науқанына дайындық жұмыстары жөнінде айтты.

Жалпы жұмыс бекітілген желілік кесте бойынша жүргізіледі. Елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты іс-шаралардың көбі оңлайн форматта өтіп, ашық түрде өткізілетін кездесулерде барлық қауіпсіздік шаралар сақталатын болады.

Жиында партия ардагері, жазушы Б.Қалаубай және депутаттыққа үміткер Е.Мырзабеков сөз сөйледі.

0
0
172

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлерінің үгіт-насихат жұмысы.

Еліміздегі саяси науқан аясында «Nur Otan» партиясы Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткерлер Ирина Унжакова мен Жанат Омарбекова Жарма ауданына үгіт-насихат жұмыстарымен келді. Олар әлеуметтік сала қызметкерлерімен кездесті, партияның Жарма аудандық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесінде жеке мәселелер бойынша өңір тұрғындарын қабылдады. Жуықта ғана мұқтаж отбасыларына пайдалануға берілген аудан орталығындағы тұрғын-үй нысандарын аралап, баспаналы болған жандармен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер жиналғандарды ел Парламентінің төменгі палатасындағы заң шығару қызметі, сондай-ақ «Nur Otan» партиясы мен оның парламенттік фракциясының өткен кезеңдегі жұмысы туралы хабардар етті. Әрине, спикерлер партияның сайлауалды бағдарламасын ұсынып, оның негізгі тези…

0
0
165