{"blocks":[{"key":"afhd5","text":"«Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Қаблан Елеусізов, Нұрлан Байкенжеев, Гүлдариха Жұмагелдиева, Ұлбала Мұсаханова, Мақсұт Гайруллаев, Қайрат Зайнишев Байылдыр ауылының тұрғындарымен кездесті.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"badhe","text":"Ауылдық клубта өткен басқосуда сайлауалды бағдарламаны насихаттап, насихат жұмыстарын жүргізді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"cpnf8","text":"Аудандағы кез келген адамның игілігіне қажетті, кем дегенде азық-түлік, киім-кешек, баспана, медициналық және әлеуметтік қызмет көрсету денсаулығын сақтап, оның және оның отбасының игілігі қамтамасыз етіледі. Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға ерекше көңіл бөлінеді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"3g8mc","text":"Бұл үшін «Nur Otan» партиясы:","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"8rqm2","text":"- халықтың әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларының еңбекке жарамды мүшелерін жаңа жұмыс орындарына орналастыруға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"2o8cb","text":"- әрбір ауылдық округте материалдық көмек көрсету пункттерін ұйымдастыру арқылы қиын жағдайға тап болған адамдарға қолдау көрсетуге;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"acd30","text":"- демеушілер есебінен (тұрғын үй, азық-түлік пакеттері, қатты отын, нақты ақшалай көмек т.б.) әлеуметтік көмектер ұйымдастыруға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"3ipm3","text":"- көпбалалы аналардың (4 және одан көпбалалы отбасы) қалаішілік автобустарда тегін жүруін қарастыруға;","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"28k8j","text":"- ауылдық округтердегі елді мекендерге қатынайтын, жолаушылар таситын автобустарды жаңарту мәселесін шешуге ықпал етеді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"4hjie","text":"Нәтижесінде 2025 жылға дейін қала мен қалаға қарасты ауылдарда тұратын күнкөрісі төмен халықтың үлесі 28,2%-ға дейін төмендейді.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"8191d","text":"Құрметті сайлаушылар!","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}},{"key":"4nbmd","text":"Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.","type":"unstyled","depth":0,"inlineStyleRanges":[],"entityRanges":[],"data":{}}],"entityMap":{}}