Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Экспромт кездесулер жалғасуда

Кентау қаласына қарасты Иассы ауылдық округіне қарасты ауылдарда экспромт кездесулер өтті. Онда «Nur Otan» партиясынан Кентау қалалық мәслихатына ұсынылған үміткерлер Асылбек Утебаев, Дархан Серікбаев, Ерлан Арынов, Азизбек Азимов, Мақпал Әбішова үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Дүкендер мен сауда орындарында болып, сатушылар мен сауда жасаушыларға сайлауалды бағдарламаны түсіндірді.

Айта кетейік, шағын және орта бизнесті дамыту – өңір экономикасының өсу резервтерінің бірі болып табылады.

«Nur Otan» партиясы жыл сайын «Бизнестің жол картасы-2025» бағдарламасымен 9 кәсіпкерге пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауға және бизнесін жаңадан бастаушы 160 азаматқа грант ұсынуға, «Еңбек» мемлекеттік бағдарламасымен жыл сайын жұмыссыз және өнімсіз өзін-өзі жұмыспен қамтыған 210-ге жуық азаматтарға 160 стартап грант пен 50 жоба бойынша несие алуына жағдай жасауға, мемлекеттік бағдарламалар шеңберінде «Бастау-Бизнес», «Бизнес кеңесші» курсымен жыл сайын 230-дан аса азаматтарды өз кәсібін ашуға оқытуға және бизнес жобасына сәйкес қаржыландыруды жүзеге асыруға, «Оңтүстік» АИО ЖШС, «Ырыс» МҚҰ ЖШС, «АШҚҚҚ» АҚ-ның, Аграрлық несие корпорациясы мен шағын несие ұйымдары арқылы 190 жобаны несиелендіруге ықпал етеді.

Құрметті сайлаушылар!

Алдағы сайлауға белсенділікпен қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіз.

Осы тақырып бойынша

Экспромт кездесулер жалғасуда - Yvision.kz