Мазмұнға өту

Жаңа

Есіктен-есікке

"NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында Тоғанас ауылының тұрғыны Қажмұрат Мадиярдің отбасына бардым. Жолдасы Гүлраушан Еркінқызы Жалпы білім беретін В.И.Шубин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Жас маман. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы тұрғын үй алды. Жергілікті бюджет есебінен көтерме ақы алды. Алдағы сайлауға қатысуға шақырып, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

#Сайлау2021

0
0
124

«Есіктен есікке» акциясы

Шараның аты айтып тұрғандай, үміткерлер өңір тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

0
0
131

Партиялық бақылау

Бүгін партиялық бақылау комиссия төрайымы Орынбасарова Нұргүл Охасқызы елдегі төтенше жағдайға байланысты Мадина-Манара дүкеніне рейд жасады. Мониторинг барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталынуы бақыланды. Қашықтық, антисептик, қолғап, маска, сондай-ақ ұйым тарапынан температураны өлшеу құрылғысының болуы, төтенше жағдайға сәйкес мәндетті шараларды ұстану covid-19 таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Рейд барысында құқық бұзушылық анықталған жоқ.

0
0
135

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

"Nur Otan" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылған үміткерлер Е.Жасыбаев, Ж.Телпекбаева, Д.Алимбаев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Донбаев, Ж.Бектасов, Ж.Жазыкпаева, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Балажанова, Б.Сүнбеков және Қарасай аудандық «Nur Otan" партия филиалының штаб жетекшісі, партияның сенімді өкілдерімен бірге өңірдегі "Асыл арман" тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен жүздесіп қайтты. Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұрғындармен кездесіп әлеуметтік мәселелерді талқыға салды. «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өздерін алаңдатып жүрген мәселелерін атап өтіп, сұрақтарын қойды.Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларғ…

0
0
219

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Казанцев Павел Олегович кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Казанцев Павел Олегович Шортанды ауданына келіп, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық белсенділер, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия мүшелері, аудан жастары өкілдерімен кездесу өткізді.Кездесуде Павел Олегович өзінің құрылған күнінен бастап " Nur Otan " партиясының қазіргі заманғы талаптарға сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи партияға айналғанын айтып, өз бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай іске асырып келе жатқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндап, " Nur Otan " партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды." Nur Otan " партиясының нақты істер партиясы екенін бүгінгі күні атқарылып жатқан істерде…

0
0
181

Жастар да өз кандидаттықтарын ұсынуда

Зеренді аудандық мәслихатының депутаттығына жас үміткер Оспанов А.Д. жастармен онлайн форматта кездесу өткізді. Жас үміткер студенттерді өзінің ұстанған бағыттарымен, "Nur Otan" партиясының, Партияның Зеренді аудандық филиалының Сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Студенттер жас мамандардың оқу бітіргеннен кейінгі жұмысқа орналасуына жол ашуды, қолдау көрсетуді ұсынды. Сонымен қатар, "Дипломмен ауылға" бағдарламасының тек қана әлеуметтік сала мамандарына ғана емес, барлық жас мамандарды қамтуын қажет екендігін де атап өтті.

0
0
150