Мазмұнға өту

Жаңа

Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу

Зеренді ауданының Аналар кеңесінің төрайымы, ақын, әнші Рақымжанова Күләш Сәбикенқызы мәдениет саласының қызметкерлерімен, зиялы қауыммен кездесу өткізді. Кездесу онлайн форматта өтті. Кездесу барысында, қазіргі мынау төтенше жағдай жарияланып, елдің дүрлігіп тұрған кезінде қоғамға оң ықпалын тигізетін нақты осы зиялы қауым екені айтылды.

0
0
129

"Кандидатқа сұрақ қой "

“Nur Otan” партиясы Шыңғырлау аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттардың "Кандидатқа сұрақ қой " айдарымен әлеуметтік желілеріндегі тікелей эфирде Тайпакова Светлана Мақсотқызы қатысты.

0
0
118

"Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

"Есіктен есікке" акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

Бүгін Целиноград ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев келді.

0
0
158

"Есіктен есікке" акциясы

Бүгін Январцев ауылдық округ тұрғындарына "Есіктен есікке" акциясы аясында алдағы өтетін сайлауға байланысты түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сайлаушыларға сайлаудың өтетін күні, уақыт аралығы, сайлау учаскелерінің орналасқан мекен-жайлары, үйден дауыс беру туралы ақпараттар берілді. Іс-шара барысында тұрғындардың да ұсыныс-пікірлері мен сауалдары тыңдалып, жауаптар берілді.

1
0
154

«Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында кездесу.

«Nur Otan» партиясы еліміз бен оның әрбір азаматының тағдыры мен болашағына жауапты халықтық партия болып келеді. Біз қолжеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмай, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеологиямызды жүзеге асыра береміз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында осы сайлауалды бағдарламасын жасап отыр.Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді.Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. Атап айтқанда:Халықты әлеуметтік қолдау бойынша:• Кірісін уақытша жоғалтқан 285 мыңнан астам азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленд…

0
0
135

Есіктен-есікке

Бүгін Болат Нұртілеу Жеңісұлының сенімді өкілі ретінде ардагер- спортшы Шуренов Еркін ағамның шаңырағында болып зейнетте болса да ағайдың үнемі саламатты өмір салтын ұстанып жастарға үлгі көрсетіп жүргеніне қанық болдым. Отанымыздың бейбіт аспан астында экономикалық қуатының арта беруі үшін сайлауға қатысатынын жеткізді.

0
0
147

Үгіт-насихат кездесулер

Биылғы үгіт-насихат жұмыстарының өзі жаңа өзгеше форматта өтіп жатқанын байқаған ауыл азаматтары соның ішінде шаруақожалықтары алдағы сайлаудыңда бұрынғыдан өзгеше болатынын қуана қарсы алуда. NurOtan партиясының ұсынып отырған халықтың өзі жасаған бағдарламасының ішіндегі ауылға қатысты бағыттары көңілдерінен шығып сайлауға қатысып өз таңдауларын жасайтындарын айтып көкейде жүрген мәселелерін қозғап өтініштерін білдірді.

0
0
180