«Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында кездесу.
«Nur Otan» партиясы еліміз бен оның әрбір азаматының тағдыры мен болашағына жауапты халықтық партия болып келеді. Біз қолжеткізген жетістіктерімізбен тоқтап қалмай, мықты және табысты мемлекет құруға бағытталған өз идеологиямызды жүзеге асыра береміз. Сондықтан «Nur Otan» партиясы тұрғындардың проблемаларын жедел әрі тиімді шешу мақсатында осы сайлауалды бағдарламасын жасап отыр.
Елімізге таралған пандемияға байланысты көптеген салаларда шектеулер қойылып, іскерлік белсенділіктің төмендеуіне алып келді.
Мемлекет тарапынан елімізде экономикалық іскерлік белсенділікті қолдау және сыртқы әсерлердің теріс ықпалын азайту үшін ауқымды шаралар қабылданды. Атап айтқанда:
Халықты әлеуметтік қолдау бойынша:
• Кірісін уақытша жоғалтқан 285 мыңнан астам азаматқа 42 500 теңгеден әлеуметтік төлемдер төленді;
• 49 375 аса мұқтаж отбасыларға «Birgemiz» қоғамдық қорынан 50 мың теңгеден берілді;
• 17 мыңнан астам азаматтың коммуналдық шығыстары өтелді;
• 28 810 мүгедек жандарға, 4 992 мүгедек балаларға, мүгедек күтімімен айналысатын 4 866 ата-анаға, жұмыссыз мәртебесін жоғалтпаған жұмыспен қамту шарыларына тартылған 4 000 астам азаматқа әлеуметтік көмек төленді;
• 24 247 бала кепілдендірілген әлеуметтік топтамамен қамтамасыз етілді;
• «Шымкент волонтерлар қауымдыстығы» құрылды. 16300 әлеуметтік жағдайы төмен отбасылар мен қарияға тұрмысқа қажетті азық-түлік себеті үлестірілді, 350 отбасыға қажетті дәрі дәрмектер жеткізілді, 1 млн астам медициналық бетперде мен антисептик таратылды.
Кәсіпкерлерді қолдау мақсатында:
• «Жұмыспен қамту жол картасы» аясында 236 инвестициялық жобаларды іске асыруға 45,3 млрд теңге бөлінді;
• 9 014 жұмыс орындары ашылады, нәтижесінде 47 пайызы, яғни 4 222-сі жұмыспен қамту органдары арқылы тіркеуге алынған азаматтар жұмысқа жолданады;
• Мүлік және табыс салықтарынан 26 мың салық төлеушілер босатылды;
• Құрылыс саласында 80 үйдің құрылысына құнды қағаз есебінен 30 млрд теңге қарастырылды;
• 156 коммуналдық мекемелердің жалға алу төлемдері 3 айға тоқтатылды;
• Жаңа бизнес-идеяларды іске асыру үшін жас кәсіпкерлерге 11 жобаға 55 млн теңге көлемінде мемлекеттік грант бөлінді;
• ТЖ кезінде несие бойынша айыппұлдар мен өсімпұлдарды есептеуге мораторий қойылды.
Біздің партия алдағы 5 жылда жүзеге асыруды жоспарлап отырған қала тұрғындары үшін алаңдаушылық білдіретін 10 басым бағытты анықтады.
«Nur Otan» партиясы проблемаларды нақты түсінеді және әр азаматтың мүддесі үшін жұмыс істейтін қуатты ресурстарға ие.

