Мәдениет саласының қызметкерлерімен кездесу
Зеренді ауданының Аналар кеңесінің төрайымы, ақын, әнші Рақымжанова Күләш Сәбикенқызы мәдениет саласының қызметкерлерімен, зиялы қауыммен кездесу өткізді. Кездесу онлайн форматта өтті. Кездесу барысында, қазіргі мынау төтенше жағдай жарияланып, елдің дүрлігіп тұрған кезінде қоғамға оң ықпалын тигізетін нақты осы зиялы қауым екені айтылды.
