Мазмұнға өту

Жаңа

Есіктен-есікке

Бүгін Болат Нұртілеу Жеңісұлының сенімді өкілі ретінде ардагер- спортшы Шуренов Еркін ағамның  шаңырағында болып зейнетте болса да ағайдың үнемі саламатты өмір салтын ұстанып жастарға үлгі көрсетіп жүргеніне қанық болдым.  Отанымыздың бейбіт аспан астында экономикалық қуатының арта беруі үшін сайлауға қатысатынын жеткізді.

0
0
166

Үгіт-насихат кездесулер

Биылғы үгіт-насихат жұмыстарының өзі жаңа өзгеше форматта өтіп жатқанын байқаған ауыл  азаматтары соның ішінде шаруақожалықтары алдағы сайлаудыңда бұрынғыдан өзгеше болатынын қуана қарсы алуда. NurOtan партиясының ұсынып отырған халықтың өзі жасаған бағдарламасының  ішіндегі ауылға қатысты бағыттары көңілдерінен шығып сайлауға  қатысып өз таңдауларын жасайтындарын айтып  көкейде жүрген мәселелерін қозғап өтініштерін білдірді.

0
0
197

Есіктен-есікке

"NurOtan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстыру мақсатында Тоғанас ауылының тұрғыны Қажмұрат Мадиярдің отбасына бардым. Жолдасы Гүлраушан Еркінқызы Жалпы білім беретін В.И.Шубин атындағы орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі. Жас маман. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы арқылы тұрғын үй алды. Жергілікті бюджет есебінен көтерме ақы алды. Алдағы сайлауға қатысуға шақырып, "NurOtan" партиясына дауыс беруге шақырдым.

#Сайлау2021

0
0
140

«Есіктен есікке» акциясы

Шараның аты айтып тұрғандай, үміткерлер өңір тұрғындарының есігін қағып, олардың жағдай-жайын білді. Оларға «Nur Otan» партиясының атқарып жатқан ауқымды жұмыстарын баяндап, алдағы бес жылдыққа негізделген сайлауалды бағдарламасын түсіндірді.

0
0
151

Партиялық бақылау

Бүгін партиялық бақылау комиссия төрайымы Орынбасарова Нұргүл Охасқызы елдегі төтенше жағдайға байланысты Мадина-Манара дүкеніне рейд жасады. Мониторинг барысында санитарлық-эпидемиологиялық талаптардың сақталынуы бақыланды. Қашықтық, антисептик, қолғап, маска, сондай-ақ ұйым тарапынан температураны өлшеу құрылғысының болуы, төтенше жағдайға сәйкес  мәндетті шараларды ұстану covid-19 таралу қаупін азайтуға мүмкіндік береді. Рейд барысында құқық бұзушылық анықталған жоқ.

0
0
148

«Асыл арман» тұрғын үй кешенінде үгіт-насихат жұмыстары жүргізілді

"Nur Otan" партиясынан ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына ұсынылған үміткерлер Е.Жасыбаев, Ж.Телпекбаева, Д.Алимбаев пен облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер Ж.Донбаев, Ж.Бектасов, Ж.Жазыкпаева, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер А.Балажанова, Б.Сүнбеков және Қарасай аудандық «Nur Otan" партия филиалының штаб жетекшісі, партияның сенімді өкілдерімен бірге өңірдегі "Асыл арман" тұрғын үй кешеніне барып, тұрғындармен жүздесіп қайтты. Мәслихат депутаттығына үміткерлер «Асыл арман» тұрғын үй кешенінде тұрғындармен кездесіп әлеуметтік мәселелерді талқыға салды. «Асыл арман» тұрғын үй кешенінің тұрғындары өздерін алаңдатып жүрген мәселелерін атап өтіп, сұрақтарын қойды.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасы кеңінен насихатталды. Белсенділердің көмегімен сайлаушыларға арнайы үгіт материалдары таратылды.

0
0
234

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Казанцев Павел Олегович кездесу өткізді.

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Казанцев Павел Олегович Шортанды ауданына келіп, «Nur Otan» партиясының аудандық филиалында қоғамдық белсенділер, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар, партия мүшелері, аудан жастары өкілдерімен кездесу өткізді.

Кездесуде Павел Олегович өзінің құрылған күнінен бастап " Nur Otan " партиясының қазіргі заманғы талаптарға сай қалыптасып, жаңа әрі заманауи партияға айналғанын айтып, өз бағдарламасында тұжырымдалған міндеттерді ойдағыдай іске асырып келе жатқанын атап өтті. Осы жылдар ішінде партияның жетістіктері мен атқарылған істері жөнінде баяндап, " Nur Otan " партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарына тоқталды.

" Nur Otan " партиясының нақты істер партиясы екенін бүгінгі күні атқарылып жатқан істерден көреміз. Партияның бағдарламалық ұстанымының дұрыстығын уақыт көрсетіп берді және ол нақты істермен дәлелденді. Әлемді жайлаған пандемия кезеңінде де нұротандықтар халықты қолдап, көмегін тигізді,- деді кандидат.

Кездесуде қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтар бақылауға алынды, олар негізінен әлеуметтік сала бойынша, атап айтқанда, ауданда жұқпалы аурулар бөлімшесі мен сот-медициналық сараптаманың жоқтығы, облыстық деңгейдегі жолдардың жөндеуі жөнінде болды.

Кездесуде «Nur Otan» партиясынан Ақмола облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Ирина Жукова мен Шортанды аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Қабылхан Іңкәрім сөз алып, партияның атқарған игі істеріне тоқталды. Мемлекеттік бағдарламалар бойынша аудандағы жөнделген жолдар мен су құбырлары желісі, сондай-ақ тұрмысы төмен отбасыларға пандемия уақытында көрсетілген көмек жөнінде айтып, мұның өзі еліміздің әр азаматының сіңірген еңбегінің нәтижесі екенін атап өтті.

Сөз соңында Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Павел Олегович Казанцев 10 қаңтарда өтетін сайлауда белсенді азаматтық көзқарас танытып, " Nur Otan " партиясы үшін өз дауыстарын беруге шақырды.

0
0
195