«Nur Otan» партиясының үміткерлері Бұқарбай батыр ауылында
Бүгінде «Nur Otan» – қоғам мен билік арасындағы нақты көпір. «Nur Otan» партиясы аудан тұрғындарының өмір сүру сапасын жан-жақты арттыруды қолдайды. Осы бағытта «Ауыл - ел бесігі» және «Құтты мекен» партиялық жобаларын іске асыру жалғастырылады.
Нәтижесінде аудан тұрғындары таза ауыз суға және сапалы жолдарға, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылым нысандарына қол жеткізеді. Билеуші партия тарапынан ұсынылған үміткерлер Бұқарбай батыр ауылы тұрғындарымен кездесті. Келелі кездесуге Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлерлер Кенжебаев Ахан, Базарбай Еркін, Серәлі Нарбота, Тәжібаева Ұлжахан, Нұрмағанбетов Әлімбек, Құрманбаева Гүлзат, Жылқыбаев Батыржан қатысты. Ауыл тұрғындарына арналған ақжолтай жаңалықпен бөлісуде үміткер Кенжебаев Ахан өз сөзінде ауыл тұрғындарына электр желілерінің жөнделетіне, елді-мекенішілік жолдарға орташа жөндеу болатынын, мектеп және мәдениет Үйінің күрделі жөндеуден өтетінін айтып өтті. Ауыл тұрғындары жұмыссыздық, білім беру сынды сауалдарға үміткерлер тарапынан тұщымды жауаптар алды.
Кездесу нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі «Nur Otan»-ға қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда партияға дауыс беруге ниеттеніп отырғандарын жеткізді.
