Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«ХАЛЫҚТАН ҮЛКЕН ЕМЕСПІЗ, СОНДЫҚТАН АЯҚТАЙ КЕЛІП САЙЛАУҒА ШАҚЫРУДЫ ЖӨН КӨРДІК», - дейді үміткерлер

«ХАЛЫҚТАН ҮЛКЕН ЕМЕСПІЗ, СОНДЫҚТАН АЯҚТАЙ КЕЛІП САЙЛАУҒА ШАҚЫРУДЫ ЖӨН КӨРДІК», - дейді үміткерлер

Бүгін, ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына Батыс Қазақстан облысынан үміткер Снежанна Имашева және Қалалық Мәслихат депутаттығына үміткер Айнаш Бижанова «Есіктен - есікке» атты акция өткізді.

Үміткерлер акция аясында Орал қаласының «Әбілқайыр хан» даңғылы бойымен жүріп өтіп, жүргінші халықпен өзара әңгімелесіп, тұрғындардың ой-пікірлерін тыңдады. Сонымен қатар, даңғыл бойында орналасқан тұрғын үйлерді аралап, тұрғындармен бетпе-бет сөйлесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын таныстырды.

Сайлау бағдарламасы туралы ақпараттармен қаныққан халық, үміткерлерге өздерінің сұрақ-ұсыныстарын жеткізді.

- Қарапайым халыққа саяси терминдерді жаттаудың қажеті жоқ. Біз үшін сайлау – жарқын болашаққа кепіл бола алатын партияны ашық түрде сайлайтын процесс. Бүгінгі кандидаттардың осылай үйімізге келіп, жағдайымызды сұрап, сұрақтарымызға жауап бергені маған қатты ұнады. Сіздердің арқаларыңызда мен партияның сайлауалды бағдарламасы туралы ақпараттар алдым. Мен секілді әлі де ақпараттанбай жүрген ел-жұрт қаншама, сондықтан осындай ашық, бейресми кездесулер жиі өтіп тұрса екен, - дейді көпбалалы ана - Айжамал.

0
0
166

Осы тақырып бойынша