Мазмұнға өту

Жаңа

Жұмекен ауылы тұрғындарымен облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер кездесті

Бүгін 20.12.20 күні Жұмекен ауылдық округ тұрғындарымен кездесуге  облыстық мәслихат депутаттығына үміткер К. Мендигазиева мен аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Г.Калиева, Ж.Хасанова, Т. Жумалиевтер бардық. Ауыл тұрғындарымен кездесу барысында " Nur Otan# партиясының 2021-2025 жылдарға дейінгі 7нақты міндеттер қамтылған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, түсінік жұмыстары жүргізілді. Кездесу соңында " Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырылды. Ауыл тұрғындары партияны қолдайтындарын білдірді.

0
0
230

Үміткерлер Жаңаталап ауылының тұрғындарымен кездесті

 2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы орайда "Nur Otan" партиясының атынан Жалағаш аудандық Мәслихат депутаттығына үміткерлер Қаншагүл Мұстафаева, Бекжанов Әліби, Досымов Қайрат, Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Саматтар Жаңаталап ауылы тұрғындарымен кездесіп, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» - партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Келелі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан, жол, электрмен жабдықтау, көше жарығы, елді-мекенішілік жол құрылысы сынды түйіткілді мәселерді көтерді. Тұрғындар тарапынан түскен  сауалдарға үміткерлер 2025 жылға аудандық маңызы бар Жаңаталап – Аққыр елді мекен аралығындағы 12 шқ жолды орташа жөндеуге, 2025 жылға дейін елді-мекенішілік жолды жөндеуге, электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуға, көше жарығына қол жеткізуге және 2021-2022 жылдары аталған ауылдық округте жылыжай кешенін салуға ықпал жасайтындықтарын жеткізді. Сайлаушылар тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының әлеуметтік бағыты бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанындарын жеткізді және де жоғары баға беріп

10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын жасырмады. Үміткерлер өз тараптарынан еліміздің жарқын болашағы үшін, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін  "Nur Otan" партиясын қолдауға насихаттады.

#NurOtan

0
0
168

Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары Қоңыртерек, Жалғызапан, Жамбыл, Құрманғазы ауылдарында жалғасуда

Бүгінгі үгіт-насихат жұмыстары Қоңыртерек, Жалғызапан, Жамбыл, Құрманғазы ауылдарында жалғасуда.

#NurOtan

#JasOtan

#JenimpazBol

0
0
301

«ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясы Жаңаталап ауылында

"Nur Otan" партиясынан Жалағаш аудандық  мәслихатының депутаттығына үміткерлер  Қаншагүл Мұстафаева, Бекжанов Әліби, Досымов Қайрат, Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Саматтар Жаңаталап ауылында есіктен «ЕСІКТЕН ЕСІККЕ» акциясын өткізді. Үміткерлер тұрғындарға сайлауалды бағдарламаны насихаттап, оның ішінде 2025 жылға аудандық маңызы бар Жаңаталап – Аққыр елді мекен аралығындағы 12 шқ жолды орташа жөндеуге, 2025 жылға дейін елді-мекенішілік жолды жөндеуге, электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуға, көше жарығына қол жеткізуге және 2021-2022 жылдары аталған ауылдық округте жылыжай кешенін салуға ықпал жасайтындықтарын жеткізді.

#NurOtan

#NurOtanZhalagash

#NurOtanДауысБер

#ГолосуйЗаNurOtan

0
0
161

"Есіктен Есікке" акциясы бойынша Жұмекен ауылының тұрғындарымен үгіт насихат жұмыстары

"Есіктен Есікке" акциясы бойынша Жұмекен ауылында орналасқан амбулатория қызметкелерімен, халықты азық түлікпен қамтамасыз жасап тұрған дүкендердегі қызыметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен 20.12.20 күні кездесу жұмыстарын жүргізіп, "Nnr Otan"  партиясының 2021-2025 жылдарға арналған бағдарламасымен таныстырып, алдағы болатын сайлауға қатысып "Nnr Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым. Жалпы халқымыз партияны қолдап, дауыс беретіндіктерін білдіріп жатыр.

0
0
183

"Әлем" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті

Бекітілген кестеге сай "Nur Otan" партиясының партиялық тізімі бойынша облыстық мәслихат депутаттығына кандидат И.К.Илемесов, сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев, "Әлем" шаруа қожалығының жетекшісі И.К.Илимисов "Әлем" шаруа қожалығының жұмысшыларымен кездесті. Кездесуде Б.Ә.Әліпқалиев сөз алып партияның сайлауалды бағдарламасында айқындалған негізгі басымдықтарды атап өтіп, партия тарапынан жүргізіліп жатырған жұмыстарға тоқталды. Бұдан басқа, И.К.Илемесов партияның ауыл шаруашылығы саласын дамыту және оған қолдау көрсету бағытында жүзеге асырылып жатырған жұмыстарға тоқталды. " Nur Otan" партиясы осы міндеттерді іске асыруды басымдық ретінде белгілегендігін көрсетті.

0
0
177

"Есіктен есікке" акциясы аясында

«Nur Otan» партиясы Жәнібек аудандық филиалы атынан аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Тахир Зинурұлы және Берік Ихсанов  "Есіктен есікке" акциясы аясында ауылы тұрғындарының үйлеріне арнайы барып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Отбасыларда өткен жүздесуде шаңырақ иелері «Nur Otan» партиясының ел дамуындағы үлесінің зор екендігін атап өтіп, алдағы сайлауда бас партияға сенім білдіріп, қолдайтындықтарын жеткізді.

0
0
172