Мазмұнға өту

Жаңа

Мәжілісінің депутаттығына кандидат Толқын Ермекқызының Құрманғазы ауданында есіктен-есікке акциясы

Есіктен-есікке форматы бойынша Құрмет орденінің иегері, аудандық аналар кеңесінің төрайымы ,Құрманғазы ауданының Құрметті азаматы Балғаным Хасенқызының шаңырағында болдым. Тәжірибелі ,іскер ана, білімді ұстаз алдағы сайлауда Nur Otan партиясына зор сәттілік тіледі

0
0
157

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сарышаған кентінде экспромт-кездесу өткізді.

Бүгін, 2020 жылдың 21 желтоқсанында "Nur Otan" партиясы атынан аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н.И. Шуланова Сарышаған кенті дәріханасы мен дүкендерінде экспромт-кездесу өткізді.

Кездесу барысында кандидат Ақтоғай ауданы бойынша "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын атап өтті, сондай-ақ сайлаушылардың сұрақтарына жауап берді.

Аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Н.И. Шуланова үгіт  материалдарын тарата отырып, сайлаушыларды 2021 жылғы 10 қаңтарда өтетін сайлауға қатысуға және жетекші партия және нақты істер партиясы ретінде "Nur Otan" партиясына дауыс беруге шақырды.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
183

Мәжілісінің депутаттығына кандидат Толқын Ермекқызы Бейсқали Құрманғазы ауданында экспромт кездесуі

Бүгінгі сапарым күй атасы Құрманғазы бабамыздың туған жерінде басталды.Экспромт түріндегі кездесуім кіші және орта   бизнес өкілдерімен,кәсіпкерлермен "Құралай" сауда орталығында өтті. Қатысушыларға сайлау туралы айттым.Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырдым.

0
0
235

"Есіктен Есікке" акциясы бойынша удандық мәслихат депутаттығына үміткер Т.Жұмалиевтің кездесуі

#EsiktenEsikke

"Есіктен Есікке" акциясы бойынша Жұмекен ауылында орналасқан халықты азық түлікпен қамтамасыз жасап тұрған дүкендердегі қызыметкерлерімен, ауыл тұрғындарымен кездесіп алдағы болатын сайлауға қатысып "Nnr Otan" партиясына дауыс беруге шақырдым. Жалпы халқымыз партияны қолдап, дауыс беретіндіктерін білдіріп жатыр.

0
0
178

Сенімді өкілдері Шашубай кентінің белсенді тұрғыны, көпбалалы ана үйінде кездесу өткізді.

2020 жылы 20 желтоқсанда облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілдері Шашубай кентінің белсенді тұрғыны, көпбалалы ана Абеуова Күлан Жұмабекқызының үйінде кездесу өткізді.

Абеуова Күлан Жұмабекқызы 1951 жылы дүниеге келген.

1977 жылдан бастап байланыс торабында (21 жыл) еңбек жасаған. 1983 жылы ауылдық депутатыққа сайланған. 40 жылдан бері сайлау учаскесінің төрайымы болып келеді.

Канвассинг барысында облыстық мәслихаттың депутаттығына кандидаттың сенімді өкілдері «Nur Otan»  партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын түсіндірді.

Бүгінгі таңда аудан тұрғындары «Nur Otan» партиясынан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде.

Біз Сіздердің сеніміңізді бағалаймыз және жақсы нәтижелерге бірге қол жеткізетінімізге сенімдіміз!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

ПОСТ С ФБ

0
0
190

Аптаның алғашқы күні яғни желтоқсанның жиырма бірінші жұлдызында

аудандық мәслихаттың депутаттығына үміткер Әлдибек Досымбеков Алғабас ауылдық округінің әлеуметтік жағдайын көріп қайтты. Атап айтар болсақ, үміткер ең алдымен «Көбен» шаруа қожалығына барып ондағы мән-жайды өз көзімен көрді. Сонымен қатар, қожалықтың ұжымы, яғни еңбеккерлерімен және инженер механик Айдос Көбеновпен кездесті. Кездесудің басты мақсаты сайлауалды бағдарламаны түсіндіру болғандықтан, әңгіменің барлығы дәл осы сайлау мәселесінің шеңберінде өрбіді. Келелі кездесудің соңында аталған қожалықтағы ұжымның еңбеккерлері үміткерге сауалдарын қойып, тұшымды әрі нақты жауап ала білді. Содан соң үміткер Әлдибек Рғайбекұлы жеке кәсіпкер Мукаев ЖШС-нің дүкеніне табан тіреді. Мұрат Мукаев Алғабас ауылының тұрғыны әрі жеке кәсіпкер. Ол өз сауда дүкенінің арқасында нәпақасын тауып жүрген азамат. Дегенмен, оның бұл ісі халыққа да өз пайдасын тигізуі керек. Міне, осы себептен де үміткер дүкеншімен кездесіп қайтты. Кездесуде Әлдибек Досымбеков сауда дүкеніндегі азық-түіктің бағасын тексерді. Сондай-ақ, дүкеннің қызметкеріне өз жеке бастарының пайдалары үшін бағаны көтеріп қоймауларын ескертті. Кездесудің соңында үміткер дәстүрлі түрде сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, жеке кәсіпкердің жұмысына сәттілік тіледі.

0
0
233

"Nur Otan" партиясы - бүкіл елдің табысты болашағы үшін жұмыс істейтін нақты адамдардың партиясы.

"Nur Otan" партиясының сайлауалды  штабының қоғамдық ұйымдарымен  үгіт-насихат онлайн-кездесуі өтті. Біздің бағдарлама Ақтоғай ауданы тұрғындарының әл-ауқатын арттыруға бағытталған, Біз ауданымызды экономиканың әртараптандырылған, бәсекеге қабілетті құрылымымен қарқынды дамып келе жатқан және өмір сүруге ыңғайлы аумақ жасау үшін нақты шараларды ұсынамыз.

"Nur Otan" партиясы - бүкіл елдің табысты болашағы үшін күн сайын жұмыс істейтін нақты адамдардың партиясы.

Сіздің дауысыңыз біз үшін маңызды!

ПОСТ С ФБ

0
0
155

Жаңаарқа ауданында кандидаттардың сайлаушылардың өз үйлерінде кездесу жұмыстары жалғасуда.

"NurOtan" партиясының сайлауалды агитациялық жұмысы барысында

Жаңаарқа ауданында кандидаттардың сайлаушылардың өз үйлерінде кездесу жұмыстары жалғасуда.

ҚР Парламент Мәжілісіне кандидат Асан Сүйіндік Юржанұлы ауданның танымал азаматтары, Жаңаарқа кентінің Ақсақалдар алқасының төрағасы, еңбек ардагері  Қасенов Бейбіт Байбосынұлы, белгілі кәсіпкер Абдрахманов Нығмет және еңбек ардагері Амантай Нығатайұлымен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары жөнінде әңгімелесті.

Аудан көлеміндегі атқарылып отырған әлеуметтік, мәдени және қоғамдық іс-шараларға белсене араласып жүрген азаматтар, "NurOtan" партиясының қолдауымен жүзеге асқан жұмыстарға жоғары баға беріп, партия бағдарламасында көзделген мақсаттардың орындалатынына сенімін білдірді.

Сөз соңында ардагер ағалар кездесуге арнайы келген Сүйіндік Юржанұлына алғысын білдіріп, аудан тұрғындарын "NurOtan" партиясын қолдап дауыс беруге шақыратынын айтты.

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #Tanday2021

0
0
318