Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
Осы сілтеме арқылы видео материалды көре аласыз
https://fb.watch/2vUqw8Wdm1/
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
Осы сілтеме арқылы видео материалды көре аласыз
https://fb.watch/2vUqw8Wdm1/
Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің және барлық деңгейдегі мәслихат депутаттарының сайлауын ұйымдастыру және өткізу жоспарына сәйкес сайлау алдындағы үгіт шеңберінде Талов ауылының мәдениет үйінде жергілікті тұрғындардың «Nur Otan» партиясынан партиялық тізім бойынша ұсынылған кандидаттармен кездесуі өтті.
Кездесуге қатысқан облыстық, аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар И.К.Илемесов, Б.Е.Губашев және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев сөз сөйледі. Кездесуде Б.Ә.Әліпқалиев сөз алып қатысушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарымен таныстырып, «Nur Otan» партиясының халықтың әл-ауқатын жақсарту және ел экономикасын нығайту жөніндегі міндеттерді шешу шеңберінде жүргізіп жатқан жұмысы туралы айтты.
Өз кезегінде Біржан Губашев «Nur Otan» партиясының ауылдық елді мекендерді қолдау және дамыту бойынша қабылдаған шараларын туралы атап өтті. И.К.Илемесов соңғы уақытта партияның «электрондық үкімет» бағдарламасын іске асыру бойынша кешенді жұмыстар жүргізіп жатқанына назар аударды.


Акция “Есіктен - есікке”
#bizbirgemiz #nurotan #nurotanbqo
қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
преодолев испытания, победим вместе!
Осы сілтеме арқылы видео материалды көре аласыз
https://fb.watch/2vTZ9VP5ms/
Үміткерлер үгіт - насихат жұмыстарын қызу жүргізуде.
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Л.Шевцова және партияның сенімді өкілдері «Есіктен есікке» акциясы аясында үйлерді аралап үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Егіндікөл ауылының тұрғындарына партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтарын таныстырып "Nur Otan’" партиясын қолдауға шақырды.


Отбасын қолдау және нығайту – еліміздің табысты дамуының кепілі. Ұрпақтар сабақтастығы, үлкенге құрмет, кішіге ізет, балаларға қамқорлық, өзара қолдау жасау дәстүрі, еңбексүйгіштік пен білімге құштарлық секілді құндылықтар отбасында қалыптасады. Бүгін Аламесек ауылдық округінде "Nur Otan" партиясы атынан Жалағаш аудандық мәслихат депутаттығына ұсынылған үміткерлер «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Аталмыш кездесу қариялардың әрбір сөзінде мән мағына бар демекші алдымен ауыл ақсақалы Шериев Темірбек атымыздың батасын алып, ардагер ұстаз Сетмағанбетова Үміт апай және батыр ана Ержүсіпова Нағима апайымыздың шаңырағында болып партияның 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасын насихатап, ардагерлер тарапынан оң бағасын ала білді.
Мәдениет ауылдық клубында "Nur Otan" партиясынан Жалағаш аудандық мәслихатының депутаттығына үміткерлер Қаншагүл Мұстафаева, Бекжанов Әліби, Досымов Қайрат, Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Саматтар Мәдениет ауылдық округі тұрғындарымен кездесу өткізді. Тұрғындар тарапынан жұмыссыздық, жарық және жол сапасы сынды өзекті мәселелер көтеріліп, үміткерлер тарапынан тұщымды жауаптар ала білді. Атап айтар болсақ, 2025 жылға дейін елді-мекенішілік жолдарды орташа жөндеуден өткізуге, ауыл тұрғындарының жайлы өмір сүруін қамтамасыз ету үшін электр желілері мен қондырғыларына күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу мәселелерін шешуге, 2021-2023 жылдары сумен жабдықтау желілерін кеңейту жұмыстарын жүргізуге, жылыжай кешенін салуға, 2022 жылы көше жарығына қол жеткізуге мүмкіндіктер жасайтын болады. Үміткер Ерхан Бақбергенұлы тұрғындармен ауылда 2025 жылға өнер мектебі ашылаты туралы ақжолтай жаңалықпен бөлісті. «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» - партияның сайлауалды бағдарламасымен танысқан тұрғындар 10 қаңтарда болатын сайлауда "Nur Otan" партиясын қолдайтындықтарын жасырмады.

«Nur Otan» партиясы еліміздің жетекші саяси күші ретінде халқымыздың бірлігіне, еліміздің гүлденуіне және әрбір қазақстандықтың игілігіне жұмыс жасауды жалғастырады. Біздің алдымызға елдің сенімін ақтау міндеті тұр. Ауданымыздың әрбір тұрғынының жайлы өмір сүруі, дамуы үшін барлық мүмкіндіктерді жасаймыз. Өңіріміздегі партияның әрбір бастамасына куә болып келе жатқан Сіздерді ондағы міндеттерді бірлесіп жүзеге асыруға «Nur Otan» партиясын қолдап дауыс беруге шақырамын, – деді үміткер Мұстафаева Қаншагүл кездесу барысында.
Аудандық партиялық бақылау тобының төрайымы Ш.Дүйсенғалиева Көздіғара ауылының тұрғындарымен кездесіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
«Nur Otan» Республикалық сайлауалды штабы өңірлерге сапарын жалғастыруда. Бүгін билеуші партия өкілдері Ақмола облысына келді.
Сайлауалды штаб мүшелері Көкшетау қаласында жас мамандармен және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен бірге жастардың өз қабілеттерін іске асыруына жағдай жасау, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу мен жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.
«Nur Otan» жоғары білім алу үшін гранттардың санын кемінде 50%-ке ұлғайтуға ықпал етеді. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады. Бұл ретте 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу тегін болады», - деп атап өтті Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Бауыржан Байбек.
Оның айтуынша, партияның сайлауалды бағдарламасы аясында студенттердің шәкіртақысын 2 есе, магистранттар мен докторанттардің стипендиясын – 1,5 есе көтеру, колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде.
Жылына 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасын іске қосу жоспарлануда. Жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруы үшін жыл сайын 10 мың грант ұсынылады.

Сайлауалды штаб мүшелері осы күні ауыл шаруашылық техникасын құрастыру зауытының жұмысшыларымен де кездесті.

Таяудағы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша 7 ірі агроөнеркәсіптік экожүйені іске қосу, оған 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тарта отырып, жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жаңадан 600 мың гектар суармалы жерді игеру есебінен партия жаңадан 70 мың фермерлік шаруашылық ашуды ынталандырмақ.
Осы және басқа да шаралар nurotan2021.kz сайтындағы сайлауалды бағдарламада жазылған арнаулы техникаға деген сұранысты арттырып, отандық машина жасау саласын қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз етуі тиіс, деп мәлімдеді партияның баспасөз қызметі.
Ақмола облысына сапар барысында партия Төрағасының бірінші орынбасары азаматтарды жеке қабылдады.

Мәселен, қабылдауда болған Бұланды ауылының тұрғыны Резида Абдрахманова ауылдағы апатты жағдайда тұрған жалғыз мектепті жөндеу жөнінде өтініш білдірді. Ал Аршалы ауылынан келген Нұрмұханбет Қасымхан өз ауылдастарының мәдениет үйін салу туралы өтінішін жеткізді.
Көкшетау тұрғыны Шияп Алиев қаланы газдандыру мәселесін көтерді. Арайлы ауылының тұрғыны Жансая Айтбаева ауылдағы барлық көшені сумен қамтамасыз ету мүмкіндігін қарастыруды өтінді. Осында айтылған барлық мәселе, аманаттар мен ұсыныстар ерекше партиялық бақылауға алынады.
#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021
10 желтоқсан сағат 18.30 бастап Егіндікөл ауданының "Жас Отан" жастар қанатының жалынды, белсенді жастары "Nur Otan" партиясының сайлауалды үгіт - насихат жұмыстарын бастады.
