Үміткерлер Жаңаталап ауылының тұрғындарымен кездесті
2020 жыл біз үшін үлкен сынақтардың жылы болды. Коронавирустық пандемия біздің өмірімізді, басымдықтарды өзгертіп, көптеген сұрақтарға басқаша қарауға мәжбүр етті. Біз басты құндылық адамның өмірі мен денсаулығы екенін түсіндік. Қазақстан да әлемнің басқа елдері секілді ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болды. Бүгінде барлық азаматтар партиядан нақты мәселелерді шешуді және бастамаларды ілгерілетуді күтуде. Осы орайда "Nur Otan" партиясының атынан Жалағаш аудандық Мәслихат депутаттығына үміткерлер Қаншагүл Мұстафаева, Бекжанов Әліби, Досымов Қайрат, Ерхан Бақбергенұлы, Сарбасов Саматтар Жаңаталап ауылы тұрғындарымен кездесіп, «Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайық өмір!» - партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Келелі кездесу барысында ауыл тұрғындары тарапынан, жол, электрмен жабдықтау, көше жарығы, елді-мекенішілік жол құрылысы сынды түйіткілді мәселерді көтерді. Тұрғындар тарапынан түскен сауалдарға үміткерлер 2025 жылға аудандық маңызы бар Жаңаталап – Аққыр елді мекен аралығындағы 12 шқ жолды орташа жөндеуге, 2025 жылға дейін елді-мекенішілік жолды жөндеуге, электрмен жабдықтау жүйелерін қайта жаңғыртуға, көше жарығына қол жеткізуге және 2021-2022 жылдары аталған ауылдық округте жылыжай кешенін салуға ықпал жасайтындықтарын жеткізді. Сайлаушылар тарапынан «Nur Otan» партиясының 7 басымдығына топтастырылған сайлауалды бағдарламасының әлеуметтік бағыты бойынша атқарылатын жоспарларына үлкен қызығушылық танытып, бағдарламаның көңілдерінен шыққанындарын жеткізді және де жоғары баға беріп
10 қаңтарда өтетін сайлауға бір кісідей ат салысатындарын жасырмады. Үміткерлер өз тараптарынан еліміздің жарқын болашағы үшін, тұрғындардың қолайлы әрі қауіпсіз ортада өмір сүруі үшін "Nur Otan" партиясын қолдауға насихаттады.
#NurOtan
