Жаңа
Калибек Асем Абайқызы тікелей эфирде сайлауалды бағдарламасын түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Аудандық мәдениет үйінде өткен кездесу#NurOtan
Аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлердің Бірлесу-Еңбек ауылы тұрғындарымен кездесуі
«Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Бүгін Целиноград ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев келді. Алғашқы кезеңін «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындардың үй-үйлерін аралап, Ақмол ауылдық округі тұрғындарымен жүздесті. Ақмол акылында көп балалы ана Гүлжан Такишеваның шаңырағында болды.
Акция шеңберінде көп балалы ана көкейіндегі сұрақтарын қойып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттатығына кандидат Мади Сағынтайұлы сайлауалды бағдарламалағы басымдылықтармен көп балалы аналарға жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Бұдан кейін жеке кәсіпкер » Инабат» Мадина Тургалиеваның үйінде болды. Мадина ауыл тұрғындарына арналған шағын наубайхана ашып өз жұмысын атқарып жатқанын жеткізе келе партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кандидат ауыл тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кандидат өз кезегінде тұрғындардың мәселелері бойынша сұрақтары мен тілектерін жазып алды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәжілісі депутаттығына үміткер, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев Целиноград үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.
https://koksheinform.kz/?p=3483&lang=kk
Жастармен жүздесті
Бүгін «Nur Otan» партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Дәурен Сағынғалиев пен жеке кәсіпкер Ринат Қалауғалиев жастармен жүздесті.
Кездесу барысында үміткерлер сайлау науқанының маңызды екенін ескертіп, жастарға қолжетімді жобалар мен «Nur Otan» партиясының аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында жастарға қолдау көрсетудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Алдымен сөз алған Д.Сағынғалиев биыл Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болғанын, бірақ осы сын-қатерлерге қарамастан «Nur Otan» партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынын жеткізіп, жастарға кәсіпкерлік бағытында кеңес берді.
-Ауданымызда кәсіпкерлікті қолдау бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, мемлекеттің «Жол картасы-2020» бағдарламасы аяқталып, енді келер бес жылдыққа жаңа бағдарламасы жарық көрді. Оның «Еңбек» деп аталатын бағдарламасының төртінші бағыты «Бастау-Бизнес» жобасы аясында аудандық кәсіпкерлік палата мен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы әр сала бойынша кәсіп ашамын деген жұмыссыз жастарды оқытып, оларға 555 000 теңгеге дейін грант береді. Сондай-ақ бұл қаражаттың көлемі де келер жылдан бастап өседі деген жоспар бар,-дейді мәслихат депутаттығына үміткер.
Айталық, биыл аталған бағдарлама бойынша ауданнан 87 адам грант еншілесе, «Бизнестің жол картасы-2020» мемлекеттік бағдарлама аясында ауданнан тоғыз жоба ұсынылып, оның тек үшеуі, яғни, химиялық тазалау орталығын ашу үшін ЖК «Ербөлеков», баланың логикалық, психологиялық ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы «Монтесума» оқу орталығы, дайын емес өнімдерді дайындау үшін жеке кәсіпкер А.Исаева жеңімпаз атаныпты. Олар енді келер жылдан бастап кәсіптер бастамақшы. Жеке кәсіпкер Ринат Қалауғалиев «Nur Otan» партиясы бағдарламасының соңғы бес жыл бойы қалай жүзеге асырылғанын жас буынға жеткізді.
-Жастар – біздің болашағымыз. Сондықтан жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы керек. Мәселен, ауданда жастар ресурстық орталығы жұмыс жасаса, олар, патриоттық тәрбие, рухани жаңғыру, азаматтық – құқықтық, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында шаралар өткізуді жалғастырады. Сондай-ақ ауданда жастарды қолдау мақсатында жыл сайын 200-ден кем емес жастарды жұмысқа орналастыруға, сонымен қатар «Жасыл ел» еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру арқылы жаз мезгілінде 70-ден аса жасты жұмысқа орналастырамыз. Ал «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша кемінде 15 жас маманды жұмысқа тартып, «Жастар практикасы» бағдарламасы аясында жастарды жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетеміз,-дейді өз сөзінде.
Осылайша, үгіт-насихат жұмыстары барысында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алса, үміткерлер партияның жеткен жетістігі мен болашаққа құрған жоспарларын тағы бір мәрте сараптап, қолдауға шақырды.
«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді
«Есіктен есікке» акциясы
«Есіктен есікке» акциясы аясында облыстық мәслихат депутаттығына кандидат, «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы және аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сағынғалиев Дәурен Аманбекұлы аудан тұрғындарымен кездесті. Кездесу барысында үміткерлер партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары туралы насихаттау жұмысын жүргізіп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.
Шара барысында санитарлық талаптарға сәйкес, қауіпсіздік шаралары сақталынды.
Партияның сайлауалды штабы үгіт насихат жұмыстарын нақты мақсаттармен айқындап жалғастыруда.
Партияның сайлауалды штабы үгіт насихат жұмыстарын нақты мақсаттармен айқындап жалғастыруда. Бүгін облыстық мəслихат депутаттығына кандидат М.Смайлов Құлан ауылында сенімді өкілдерімен сайлаушылардың үйлеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Канвассинг форматында өткен бұл шарада сайлауалды бағдарламаның маңызды тұстарын сайлаушыларға түсіндіріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Кездесу кезінде ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді.

