Партияның сайлауалды штабы үгіт насихат жұмыстарын нақты мақсаттармен айқындап жалғастыруда.
Партияның сайлауалды штабы үгіт насихат жұмыстарын нақты мақсаттармен айқындап жалғастыруда. Бүгін облыстық мəслихат депутаттығына кандидат М.Смайлов Құлан ауылында сенімді өкілдерімен сайлаушылардың үйлеріне барып, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Канвассинг форматында өткен бұл шарада сайлауалды бағдарламаның маңызды тұстарын сайлаушыларға түсіндіріп, алдағы жоспарлармен таныстырды. Кездесу кезінде ауыл тұрғындарының сауалдарына жауап берді.


