Жаңа
«Пионер» ӨК қызметкерлер ұжымымен партияның сайлауалды бағдарламасын таныстыру мақсатында кездесуі
«Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабы
2020 жылдың 19 – шы желтоқсаны күні «Nur Otan» партиясы Үржар аудандық сайлауалды штабының мүшелері, аудандық, облыстық мәслихат депутаттығына үміткерлер және олардың сенімді өкілдері Қарақол ауылдық округінде барлық санитарлық талаптарды сақтай отырып тұрғындармен кездесу өткізді. Кездесу барысында тұрғындар тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріліп, партияның болашақ жоспарлары талқыланды. Тұрғындар өз кезегінде ауданның дамуы жайында бірнеше ұтымды ұсыныстар айтты. Кездесу соңында тұрғындар сайлауалды штабының жұмысына сәттілік тілеп, оң бағасын берді.
Еңбек ұжымы партияны қолдайтындықтарын білдірді.
Аудан тұрғындарымен кездесуден соң ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаты, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев үгіт-насихат жұмыстары шеңберінде Ақмола облысы, Целиноград ауданы орталығы Ақмол ауылында орналасқан «Ақмола-Феникс» АҚ еңбек ұжымымен кездесуін жалғастырды.
Ең бастысы еңбек ұжымымен кездесіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында алдағы жылдары өңірдегі бірқатар жобалар жүзеге асырылатындығы, қолға алынатын жобалар туралы кеңінен түсінік берді.
Кездесуде Мади Сағынтайұлы партияның өңір бойынша сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарын түсіндірді. Белгіленген кездесулер барысында еңбек ұжымы өздерінің мәселелерінің шешімін кандидат жеткізген партияның сайлауалды бағдарламасынан тауып жатты.
Ұжыммен кездесу барысында аудандағы атқарылар жұмыстарға тоқталды. Сайлауалды бағдарламада көрсетілгендей ауданда әр сала бойынша жарқын істер күтіп тұрғанында айта кету керек. Ауылдық округтерде жол жөндеу жұмыстары, білім саласындағы оңды өзгерістер, тұрғын үй құрылыстары, туризмді дамыту, жұмыспен қамту бойынша толайым шаралар реті өз жалғасын табатындығын да еңбек ұжымымен үгіт-насихат кездесуінде айтқан кандидат әр сала бойынша кеңінен тоқталып өтті.
Атап айтқанда 2021 жылы Р. Қошқарбаев,Тайтөбе ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы, 2022 жылы Қараөткел, Қаражар, Қосшы ауылдарында электрмен жабдықтау желілерінің құрылысы. 2023 жылы Қоянды, Шұбар ауылдарында электрмен жабдықтау желілерін салу. 2024 жылы Аққайың ауылында электрмен жабдықтау желілерін салу жоспарлануда.
«Ақмола-Феникс» АҚ еңбек ұжымы өздерінің көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойып, пікір алмасты. Бұдан кейін аталмыш кездесуде сөз сөйлеген ҚР Парламенті Мәжілісі депутаттығына үміткер Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев партияның сайлауалды бағдарламасында айтылған бірқатар жобалар мен бағыттарға тоқталып өтті. Алдағы жылы еліміздің тәуелсіздік алғанына 30 жыл толады. Осыған дейінгі уақытта елімізде партияның атсалысуымен көптеген игі істер жүзеге асырылды.
Кездесу барысында қазақстандықтардың әлеуметтік әл-ауқаты мәселелеріне және өскелең ұрпақты тәрбиелеу сияқты маңызды салаға көп көңіл бөлінетіндігі де назардан тыс қалмады. Кездесу соңында еңбек ұжымына үгіт-насихат материалдары таратылды. Еңбек ұжымымен кездесуде ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидаты, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев «Nur Otan» партиясы үшін алдағы сайлауда өз дауыстарын беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.
https://koksheinform.kz/?p=3494&lang=kk
«Есіктен есікке» акциясы аясында үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда
Бүгін Целиноград ауданында ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына үміткер, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев келді. Алғашқы кезеңін «Есіктен есікке» акциясы аясында тұрғындардың үй-үйлерін аралап, Ақмол ауылдық округі тұрғындарымен жүздесті. Ақмол акылында көп балалы ана Гүлжан Такишеваның шаңырағында болды.
Акция шеңберінде көп балалы ана көкейіндегі сұрақтарын қойып, ҚР Парламенті Мәжілісінің депуттатығына кандидат Мади Сағынтайұлы сайлауалды бағдарламалағы басымдылықтармен көп балалы аналарға жасалып жатқан жұмыстарға тоқталып өтті.
Бұдан кейін жеке кәсіпкер » Инабат» Мадина Тургалиеваның үйінде болды. Мадина ауыл тұрғындарына арналған шағын наубайхана ашып өз жұмысын атқарып жатқанын жеткізе келе партияны бірауыздан қолдайтынын жеткізді. Үгіт-насихат жұмыстары қарқынды жүргізілуде. Кандидат ауыл тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Кандидат өз кезегінде тұрғындардың мәселелері бойынша сұрақтары мен тілектерін жазып алды.
ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Мәжілісі депутаттығына үміткер, Көкшетау университетінің ректоры Мади Сағынтайұлы Елюбаев Целиноград үгіт-насихат жұмыстарын жалғастыруда. Тұрғындармен кездесіп, партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
Тұрғындармен кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы жылы 10 қаңтар күні дұрыс таңдау жасап, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.
«Nur Otan» партиясы Ақмола облысы Целиноград ауданы сайлау қорының қаражатынан төленді.
https://koksheinform.kz/?p=3483&lang=kk
Ұлттық лига
"Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабы
Бүгін "Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабының мүшелері мен облыстық маслихат депутаттығына үміткер Елеусізов Ермек Оразғалиұлы және сенімді өкілдері Барқытбел ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп,партияның алға қойған мақсат міндеттері және бағдарламаларымен таныстырды..
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!Преодолев испытания, победим вместе!#nurotan #bizbirgemiz#
Қиындықты еңсерген, жақсылықтардың жаршысы «Nur Otan» партиясы
«Nur Otan» еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан бастапқы партия. Бұл партияның алдына қойған мақсат-мұраттарының көпшілік дені жүзеге асып келеді. Мұнысына бұқара халық қашаннан куә. Сол секілді Қорғалжын ауданы "Nur Otan"партиясының облыстық мәслихатқа кандидаты Жұмабаев Әділ Қайратұлы бастауыш партия ұйымдары, ауыл тұрғындары және "Ақжол 2030" ЖШС еңбек ұжымымен үгіт-насихат жұмыстарын өткізген болатын. Әділ Қайратұлы өзінің бар ынта-жігерімен жұмысқа кірісіп, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасын жоғары деңгейде орындауға тырысатының алға тартты. Әділ Жұмабаев партиялық жоспарлы бағдарламаның жеті басым бағыты бойынша жұмыс атқарып келеді. 2014 жылдан бері партия құрамына кірген жас кәсіпкер бұл партияның сөзбен ғана емес, іспен талайды дәлелдейтініне көзім жетті дейді. Мәселен, Қорғалжын ауданының экономикалық жағынан тұрақтандыру, ондағы шағын және орта бизнесті дамыту. Мысалы, кандидат Әділ Жұмабаев өзі де жас кәсіпкер, оның мақсаты ол өз туған жері Сабынды ауылынан «Aвтожанармайқұю» станциясын ашқан кезде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жол торабынан өткен көліктердің жанармайға деген сұранысын толтыру болатын. Себебі, Нұр-Сұлтан қаласы мен Қорғалжын ауылы арасында мұндай станциялар саны шектеулі болды. Сонымен қатар Әділ Қайратұлы техникалық логистика, мал шаруашылығы және шөп өндірісі сынды бағыттарда еңбек етеді. Сол сияқты партия бағдарламасының тек бір бағытында емес, барлық тұсын қамтып отыр. Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының басты бағдарларының бірі экономиканың басым салаларын, яғни өнеркәсіп, АӨК, құрылысты және туризмды дамыту болып табылады. Онымен қоса аудан халқын лайықты жалақымен қамтасыз ету. Ол үшін Қорғалжында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық потенциалын арттыруды көздейтін партия мақсатын жүзеге асыруды өзіне міндет етіп отыр. Егер мұның барлығы жасалатын болса, қарапайым халықтық әлеуеті артып, әлеуметі түзеледі дейді жас кандидат өз сөзінде. Сөз соңында Әділ Қайратұлы барша халықты «Nur Otan» партиясына дауыс беруге және биік мақсаттарға бірге ұмтылуға шақырды.
Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының қорынан төленді
https://716.kz/news/6500-iyndy-ty-e-sergen-zha-syly-tardy-zharshysy-nur-otan-partijasy.html
Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабы
Бүгін "Nur Otan" партиясы Үржар аудандық штабының мүшелері мен облыстық маслихат депутаттығына үміткер Елеусізов Ермек Оразғалиұлы, аудандық маслихат депутаттығына үміткер Қоштаев Ербол Қабдыхалықұлы және олардың сенімді өкілдері Бестерек ауылдық округінде үгіт-насихат жұмыстары бойынша ауыл тұрғындарымен кездесіп,партияның алға қойған мақсат міндеттері және бағдарламаларымен таныстырды..