Мазмұнға өту

Жаңа

Депутаттыққа үміткер «Есіктен есікке» акциясына қатысуда

«Nur Otan» партиясының аудандық мәслихат депутаттылығына үміткерлер сайлауалды науқан жұмыстарын қызу жалғастыруда. Бүгін үгіт-насихат жұмыстарын аудандық мәслихат депутаттылығына үміткер Барлыбаев Сапар Ибрагимұлы жүргізді.

Сапар Ибрагимұлы-партияның белсенді мүшесі, Үмбетей жырау атындағы мәдениет үйінің директоры. Басшы лауазымымен қатар, қоғамдық жұмыстардың басы қасында жүретін азаматтардың бірі. Сапар Ибрагимұлы тұрғындармен жиі кездесіп, сайлаудың еліміз үшін қажеттілігін түсіндіріп, елінің дамуына ат салысуда еңбек ететінін айтып өтті.

«Бала-өмірдің сәні демекші», Сапар Ибрагимұлы мәдениет үйінің қызметкерлерімен бірге жыл сайын аз қамтылған отбасыларға, мүмкіндігі шектеулі балақайларға жаңа жылдық мереке сыйлауға тырысады. Партияның сайлауалды бағдарламасында аз қамтылған отбасылар, әлеуметтік осал топтарға жататын отбасылар ерекше назарда болатындығы айтылған.

Сапар Ибрагимұлы «Есіктен есікке» акциясы аясында әрбір аудан тұрғынына «Nur Otan» партиясының ел игілігі үшін атқарып жатқан және атқарылатын істері жайлы баяндады. Ауданымыздың туризім саласына да айырықша басымдылық көрсету партияның алға қойған мақсатының бірі деп айтып өтті.

«Мен туып өскен өлкемнің әрбір азаматының лайықты өмір сүруін қалаймын. «Nur Otan» партиясы атынан депутаттылыққа үміткер болуымның басты себебінің бірі-еліме адал қызмет ету. Сондықтан да болашағымыз жарқын болғанын қаласаңыз, «Nur Otan» партиясы үшін дауыс беріңіз»-деп сөзін түйіндеді.

«Nur Otan» партиясының Ерейментау ауданы Сайлау қорының қаражатынан төленді.

FacebookTwitterEmailWhatsAppTelegramOdnoklassniki

https://koksheinform.kz/?p=3478&lang=kk

0
0
132

"Nur Otan" партиясының мүшелері жастармен жүздесті Источник: www.kt.kz

Индер. 20 желтоқсан. Kazakhstan Today - Бүгін "Nur Otan" партиясының мүшелері, аудандық мәслихат депутаттығына үміткер "Атамекен" Ұлттық Кәсіпкерлік палатасының аудандық филиалының директоры Дәурен Сағынғалиев пен жеке кәсіпкер Ринат Қалауғалиев жастармен жүздесті. Кездесу барысында үміткерлер сайлау науқанының маңызды екенін ескертіп, жастарға қолжетімді жобалар мен "Nur Otan" партиясының аудандық филиалының сайлауалды бағдарламасы аясында жастарға қолдау көрсетудің мақсаты мен міндеттерін түсіндірді. Алдымен сөз алған Д.Сағынғалиев биыл Қазақстан әлемнің басқа елдері сияқты ұзақ мерзімді карантинге және шектеу шараларына байланысты үлкен қиындықтарға тап болғанын, бірақ осы сын-қатерлерге қарамастан "Nur Otan" партиясы экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, жұмыс істеп тұрған жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, ауданды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бар күшін салатынын жеткізіп, жастарға кәсіпкерлік бағытында кеңес берді. "Ауданымызда кәсіпкерлікті қолдау бағытында тыңғылықты жұмыстар атқарылып келеді. Мәселен, мемлекеттің "Жол картасы-2020" бағдарламасы аяқталып, енді келер бес жылдыққа жаңа бағдарламасы жарық көрді. Оның "Еңбек" деп аталатын бағдарламасының төртінші бағыты "Бастау-Бизнес" жобасы аясында аудандық кәсіпкерлік палата мен аудандық жұмыспен қамту орталығы арқылы әр сала бойынша кәсіп ашамын деген жұмыссыз жастарды оқытып, оларға 555 000 теңгеге дейін грант береді. Сондай-ақ бұл қаражаттың көлемі де келер жылдан бастап өседі деген жоспар бар", - дейді мәслихат депутаттығына үміткер. Айталық, биыл аталған бағдарлама бойынша ауданнан 87 адам грант еншілесе, "Бизнестің жол картасы-2020" мемлекеттік бағдарлама аясында ауданнан тоғыз жоба ұсынылып, оның тек үшеуі, яғни, химиялық тазалау орталығын ашу үшін ЖК "Ербөлеков", баланың логикалық, психологиялық ойлау қабілетін дамыту мақсатындағы "Монтесума" оқу орталығы, дайын емес өнімдерді дайындау үшін жеке кәсіпкер А.Исаева жеңімпаз атаныпты. Олар енді келер жылдан бастап кәсіптер бастамақшы. Жеке кәсіпкер Ринат Қалауғалиев "Nur Otan" партиясы бағдарламасының соңғы бес жыл бойы қалай жүзеге асырылғанын жас буынға жеткізді. "Жастар - біздің болашағымыз. Сондықтан жаңа ұрпақ еліміздің стратегиялық бағытының қозғалтқышына айналуы керек. Мәселен, ауданда жастар ресурстық орталығы жұмыс жасаса, олар, патриоттық тәрбие, рухани жаңғыру, азаматтық - құқықтық, жастар арасында бұқаралық спортты дамыту бағытында шаралар өткізуді жалғастырады. Сондай-ақ ауданда жастарды қолдау мақсатында жыл сайын 200-ден кем емес жастарды жұмысқа орналастыруға, сонымен қатар "Жасыл ел" еңбек жасақтарының жұмысын ұйымдастыру арқылы жаз мезгілінде 70-ден аса жасты жұмысқа орналастырамыз. Ал "Дипломмен ауылға" бағдарламасы бойынша кемінде 15 жас маманды жұмысқа тартып, "Жастар практикасы" бағдарламасы аясында жастарды жұмысқа орналастыру арқылы жұмыспен қамтуға жәрдем көрсетеміз", - дейді өз сөзінде. Осылайша, үгіт-насихат жұмыстары барысында жастар көкейлерінде жүрген сауалдарын қойып, тиісті жауаптар алса, үміткерлер партияның жеткен жетістігі мен болашаққа құрған жоспарларын тағы бір мәрте сараптап, қолдауға шақырды. "Nur Otan" партиясы Атырау облысы Индер қаласының Сайлау қорының қаражатынан төленді Источник: www.kt.kz

0
0
415

Халық денсаулығы «Nur Otan» партиясының назарынан қалған емес

Бұланды ауданында «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасының негізінде медицина саласында қандай өзгерістер жоспарлануда? Ауданда халықтың денсаулығына жауапты басты салаға тиісті көңіл бөлінеді ма? Осы сауалдар тұрғысында Бұланды аудандық мәслихат депутаттығына «Nur Otan» партиясынан кандидат, аудандық ауруханасының шұғыл есеп беру бөлімінің басшысы, дәрігер Анар Абдрахманова сайлаушылармен онлайн түрде байланысқа шығып, кездесу өткізді.

Өз сөзінде Анар Баянбайқызы әлемді шарпыған ауыр індет COVID-19 пандемиясы денсаулық сақтау жүйесіне үлкен қауіп төндіргенін баса айтып, қазіргі таңда пандемия кезінде орын алған кемшіліктерді ескере отырып, жаңа бағытта жұмыс істеуіміз керектігін атап өтті. Медицина саласындағы негізгі басымдық денсаулық сақтау инфрақұрылымын дамытуға және нығайтуға жасалатын болады.

«Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасына сәйкес медициналық қызмет көрсету сапасын жақсарту мақсатында «Nur Otan» партиясы келесі мәселелерді шешуге дайын: Макинск қаласының 8 дәрігерлеріне тұрғын үй сатып алу және ауылдық жерлерде тұрғын үй сатып алу үшін бюджеттік кредиттер беру есебінен дәрігер тапшылығын шешу. Сонымен қатар, 2022 жылы 7 ауылда, атап айтсақ, Алтынды, Никольск, Капитоновка, Новобратское, Журавлевка, Тоқтамыс, Қараөзек ауылдарында, дәріхана пункттерін ашу.

Аудандағы денсаулық сақтау саласынының осал жерлерінің бірі – ауданның медициналық ұйымдарының материалдық-техникалық базасының ойдағыдай деңңгейде қамтамасыз етілмеуі. Осы мәселені қолға алып, алдағы уақытта материалдық базаны нығайтып, дәлерек айтқанда, арнайы медициналық аппараттар, компьютерлік томограф, оттегі концентраторлары және тағы да басқа керекті жабдықтар алу арқылы, халыққа қызмет көрсету сапасын арттыру.

Партияның бастамасымен бүгінгі таңда «Ардагерлерді ардақтайық» жобасы аясында медициналық ұйымдарда және дәріхана желісінде халықты, соның ішінде халықтың әлеуметтік осал топтарын, дәрі-дәрмектермен үздіксіз қамтамасыз ету жұмыс қарқынды жүргізіліп келеді.

Саулаушылардың барлық сұрақтарына жауап қайтарып, кері байланыс түрінде сұхбат құрған Анар Баянбайқызы алдымыздағы сайлауда «Nur Otan» партиясын қолдап, дауыс беруге шақырды.

– Жұмыла көтерген жүк жеңіл демекші – бәрімізді ортақтастырып, бір бағытта қарауға мүмікіндік беріп отырған «Nur Otan» партиясына барынша қолдау көрсету – сенімді болашақтың кепілі. «Nur Otan» – нақты міндеттер мен маңызды істер партиясы! Біз біргеміз! – деген насихаттау сөздерді ата келе, Анар Абдрахманова кездесу соңында сайлаушыларына белсенділік танытып жүргендігі үшін алғысын білдірді.

«Nur Otan» партиясының Ақмола облысы Бұланды ауданының Сайлау қорының қаражатынан төленді.

FacebookTwitterEmailWhatsAppTelegramOdnoklassniki

http://koksheinform.kz/?p=3463&lang=kk

0
0
156

Облыстық мәслихат депутаттығына кандидат С.Қуанышев мүмкіндігі шектеулі жандармен кездесті

Кездесуде сайлауалды бағдарламасын түсіндіріп, ұсыныс-пікірлерін қабылдады.Баршаңызды 10 қаңтар күні Nur Otan партиясына дауыс беруге шақырамыз!

#NurOtan #NurOtanДауысБер#BizBirgemiz

0
0
212

Ауданның құрметті азаматының үйінде

«Nur Otan» партиясынан аудандық мәслихат депуттағына үміткерлер А.Балажанова, Б.Сүнбеков, Ж.Садуова  партия ардагері және Қарасай ауданының құрметті азаматы Ақлия Бекбаевнамен кездесу өтті. Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын кеңінен таныстырып, алдағы маңызды саяси науқанда  «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

0
0
163

Құмарық ауылында көпбалалы аналармен кездесу.

"Nur Otan" партиясы сайлауалды штабының үгіт насихат жұмыстары əр саланы қамтып, əр  түрлі деңгейде жүргізіліп жатыр. Сондай үгіт насихат жұмысының бірі Құмарық ауылында өтті. Іс шарада облыстық мəслихат депутаттығына кандидаттар Аралбек Қораласбаев, Сұлукуль Дәлібаева, Дүйсен Бықыбаева ауылдағы көп балалы аналармен кездесті. Кездесуде көп балалы аналармен əңгімелесіп, аудандық партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырды. Партияның 4 басымдығының бірі осы аналар мəселесі яғни, əлеуметтік мəселе екендігіне тоқталды. Аналар тарапынан қойылған түйткілді сауалдарға жауап беріп, өз ойларымен де бөлісті. Қай уақытта да көп балалы аналарға көрсетілетін қамқорлық шектеусіз екендігіне тағы бір тоқтала келе, алдағы науқанда жеңісті тұғырдан көрінуге аналар ризашылығын алып тарқасты.

0
0
179

Қиындықты еңсерген, жақсылықтардың жаршысы «Nur Otan» партиясы

«Nur Otan»  еліміздің дамуына сүбелі үлес қосып келе жатқан бастапқы партия. Бұл партияның алдына қойған мақсат-мұраттарының көпшілік дені жүзеге асып келеді. Мұнысына бұқара халық қашаннан куә. Сол секілді  Қорғалжын ауданы «Nur Otan» партиясының  облыстық мәслихатқа кандидаты Жұмабаев Әділ Қайратұлы бастауыш партия ұйымдары,  ауыл тұрғындары және «Ақжол 2030» ЖШС еңбек ұжымымен үгіт-насихат жұмыстарын өткізген болатын.

Әділ Қайратұлы өзінің бар ынта-жігерімен жұмысқа кірісіп, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасын жоғары деңгейде орындауға тырысатының алға тартты. Әділ Жұмабаев партиялық жоспарлы бағдарламаның жеті басым бағыты бойынша жұмыс атқарып келеді. 2014 жылдан бері партия құрамына кірген жас кәсіпкер бұл партияның сөзбен ғана емес, іспен талайды дәлелдейтініне көзім жетті дейді.

Мәселен, Қорғалжын ауданының экономикалық жағынан тұрақтандыру, ондағы шағын және орта бизнесті дамыту. Мысалы, кандидат Әділ Жұмабаев өзі де жас кәсіпкер, оның мақсаты ол өз туған жері Сабынды ауылынан «Aвтожанармайқұю» станциясын ашқан кезде ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтып, жол торабынан өткен көліктердің жанармайға деген сұранысын толтыру болатын. Себебі, Нұр-Сұлтан  қаласы мен Қорғалжын ауылы арасында мұндай станциялар саны шектеулі болды.

Сонымен қатар Әділ Қайратұлы техникалық логистика, мал шаруашылығы және шөп өндірісі сынды бағыттарда еңбек етеді. Сол сияқты партия бағдарламасының тек бір бағытында емес, барлық тұсын қамтып отыр.

Атап айтқанда, «Nur Otan» партиясының басты бағдарларының бірі экономиканың басым салаларын, яғни өнеркәсіп, АӨК, құрылысты және туризмды дамыту болып табылады. Онымен қоса аудан халқын лайықты жалақымен қамтасыз ету. Ол үшін Қорғалжында ауыл шаруашылық өнімдерінің экспорттық потенциалын арттыруды көздейтін партия мақсатын жүзеге асыруды өзіне міндет етіп отыр. Егер мұның барлығы жасалатын болса, қарапайым халықтық әлеуеті артып, әлеуметі түзеледі дейді жас кандидат өз сөзінде.

Сөз соңында Әділ Қайратұлы барша халықты «Nur Otan» партиясына дауыс беруге және биік мақсаттарға бірге ұмтылуға шақырды.

Қорғалжын аудандық «Nur Otan» партиясының қорынан төленді.

0
0
155