Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Балабақшаларға тексеріс жүргізді

Бүгін "Nur Otan" партиясы Жаңақала аудандық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Р.Саматов және Партиялық бақылау комиссиясының төрағасы С.Жардемалиев балабақшаларға арнайы барып, тексеріс жүргізді. Мекеменің жарық, жылу жүйелерімен қамтылуын, жатын орындары мен әр бөлменің санитарлық талапқа сай тазалығын, асханасын тексеріп, жіті бақылады. Қазіргі уақытта жүріп жатқан індетпен күресу үшін ең алдымен тазалық сақтауды назардан тыс қалдырмау керектігін түсіндірді. "Дені саудың - жаны сау" деген мақалды берік ұстанған партия белсенділері балабақшалардың ережеге сай гигиеналық талапты сақтап жұмыс жасағандығының куәсі болды. "Болашағымыз, балалар ауырмасын" деген тілек-ниеттерін жеткізді.

0
0
105

Осы тақырып бойынша

Балабақшаларға тексеріс жүргізді - Yvision.kz