Достық үйінде өңірдің проблемалық мәселелерін талқылау бойынша жиналыс өтті.
Шараға ҚР Мәжіліс депутаттыққа үміткер С. Мұсабаев, облыстық депутаттыққа үміткер К.Ешманов, қалалық депутаттыққа үміткерлер Ғ. Әбдісадық, Е.Сыражанов, Ш. Гусейнов, А. Шәмшадинова, сондай-ақ кәсіпкерлер, жастар және қоғамдық бірлестік өкілдері қатысты.
Жиын барысында Ақтау қаласының Шығыс шағын ауданында мектеп пен балабақша құрылысы, 16 және 17 шағын аудандарда автобус маршруттарын ұйымдастыру, Қызылтөбе ауылында ауыз су мен асфальт жүргізу, Мұнайлы ауданында мектеп, балабақша салу, су жүргізу мәселелері талқыланды.
Кандидаттар бұл сұрақтардың барлығы праймериз кезінде қамтылып, бүгінде орындалу бойынша жұмыстар атқарылып жатқанын және орындалысы партия бақылауында екенін атап өтті. Сонымен қатар, жоғарыда аталған мәселелер "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасында да қамтылған.



