Жаңа
Маңғыстау аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде
Бүгін Маңғыстау аудандық сайлауалды штабының қоғамдық қабылдау бөлмесінде Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидаттар Құсымбаев Байқадам Алдоңғарұлы мен Төрекенов Бердімұрат Білімұлы онлайн түрінде қоғамдық қабылдау жүргізді.
"Есіктен есікке" акциясы Қызан ауылында
«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша Маңғыстау аудандық сайлауалды штабы мүшесі Бабышев Құрманғали Мұстахиұлы Қызан ауылында болды. Акция барысында ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, партияның жетістіктері және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
"Есіктен есікке" акциясы Жармыш ауылында қарқынды жүргізілуде
құқық бұзушылықтың алдын алу
Nur Otan сайлауалды штабы Алматыға келді.
Билеуші партия өкілдері қоғам белсенділерімен, саясаттанушылармен, сарапшылармен, шағын және орта бизнес пен зиялы қауым өкілдерімен, сондай-ақ жас стартапшылармен, ІТ мамандармен, блогерлермен және вайнерлермен бірқатар кездесулер өткізді.
«Nur Otan» партиясы Елбасының 5 институционалды реформасы мен Президент ұсынған «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасын іске асыру аясында барлық жерде азаматтық бақылауды енгізуге, ең алдымен мұның бюджеттің жұмсалуы бойынша қолданылуына ықпал етеді. Біз қоғамдық сараптама мен онлайн-петицияға заңды мәртебе береміз, заңнамалық деңгейде ауыл әкімдерінің тікелей сайлануын енгізіп, барлық деңгейдегі әкімдердің халық алдында есеп беруге міндеттілігін қамтамасыз етеміз», - деді Республикалық сайлауалды штаб жетекшісі Б.Байбек.
Оның айтуынша, «Nur Otan» партиясы азаматтар сауалдарының бірыңғай электронды жүйесін жасауды, барлық өңірде халық қатысатын бюджетті ендіруді, квази мемлекеттік секторда қоғамдық кеңестердің құрылуын қамтамасыз етуді және тағы басқаларды жоспарлап отыр.
Мемлекеттік органдардың тиімділігі мен есеп берушілігін арттыру үшін «Nur Otan» партиясы шенеуніктердің жалақысын азаматтардың әл-ауқатымен байланыстыра қарауды ұсынады. Бұл орайда өңірлердің жергілікті мәселелерді шешуде дербестігі артатын болады.
Таяу 5 жылдағы жұмыстың негізгі бағыттарының бірі шағын және орта бизнес өкілдерін қолдау болмақ.
«Nur Otan» партиясы салықтардың санын қысқартып, оларды есептеу тәртібін оңтайландыруға, әлеуметтік маңызды тауарларды өндірушілер үшін ҚҚС-ын төмендетуге, экономиканың нақты секторларын несиелендіруді кеңейту үшін жағдай жасауға қол жеткізеді. Салықтық міндеттемелердің орындалуына қашықтан мониторинг жасау енгізілмек.
Бизнесті санкцияланбаған тексерулерден қорғау үшін бизнесті салықтық заң бұзушылықтары үшін қылмыстық жауапкершілікке тарту шегін қайта қарау жоспарлануда. Сот пен прокурордың санкциясынсыз кәсіпкерлерге қатысты тергеу әрекеттеріне тыйым салынады. Азаматтардың денсаулығы мен экологияны қорғау талаптарына сай келмейтін барлық нормативтік-реттеу құжаттары алынып тасталады.
«Nur Otan» партиясы жас стартапшыларды қолдау мақсатында деректерді өңдеу мен сақтау саласына инвестицияларды 6 есеге, яғни 500 млрд. теңгеге дейін арттыра отырып, 1000 жаңа ІТ-компания ашуды ынталандырады.
Жұмыспен қамтудың жаңа нысандары – фриланс, қашықтан және ішінара жұмыспен қамтылу бойынша жұмыс істейтін азаматтар үшін әлеуметтік кепілдікті заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету көзделеді. Жалпы, «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы аясында ІТ саласында 170 мыңнан астам жаңа жұмыс орнын ашу жоспарлануда.
Ертең Республикалық сайлауалды штаб Ақмола облысында бірқатар кездесулер өткізеді. Одан әрі 5 күн қатарынан Қызылорда, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарының тұрғындарымен кездесулер жоспарланған.
Асқар Жұмашұлы мен Бітімхан Сейтқалиұлы ауданымызда үйлерді аралап "Есіктен есікке" акциясын өткізді
"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Асқар Жұмашұлы мен Бітімхан Сейтқалиұлы ауданымызда үйді- үйлерді аралап "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!
Шайыр, Тұщықұдық ауылында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде
Шайыр, Тұщықұдық ауылында сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары жүргізілуде
Маңғыстау аудандық сайлауалды штабының мүшесі Дұрысбаев Рзағұл Төребайұлы Шайыр ауылында, Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Дүйсенбеков Сәндібек Талпақұлының сенімді өкілдері Тұщықұдық ауылында "Есіктен есікке" акциясын өткізіп, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.
Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!
Үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді
Батыс Қазақстан облыстық мәслихатына үміткер Илемесов Ескайыр, Жәнібек аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Губашев Біржан және сайлауалды штабтың мүшесі Б.Ә.Әліпқалиев Борсы ауылының сайлаушыларымен кездесу өткізді. Кездесу барысында "Nur Otan" партиясының аудандық сайлауалды бағдарламасының бағыты тұрақты экономикалық даму және халықтың өмір сүру деңгейін арттыру туралы кеңінен айтып, үгіт-насихат жұмыстарын жүргізіп, 10 қаңтар күні өтетін сайлауда “Nur Otan” партиясын қолдап, дауыс беруге шакырды.

