"Есіктен есікке" акциясы Қызан ауылында
«Nur Otan» партиясының бастамасымен жүзеге асып жатқан «Есіктен есікке» акциясы бойынша Маңғыстау аудандық сайлауалды штабы мүшесі Бабышев Құрманғали Мұстахиұлы Қызан ауылында болды. Акция барысында ауыл тұрғындарының үйлеріне барып, партияның жетістіктері және сайлауалды бағдарламасымен таныстырды.
