Әр маман иесі өз саласындағы жетістіктерді саралап, жаңа инновацияны жетік меңгеріп
Әр маман иесі өз саласындағы жетістіктерді саралап, заман талабына сай, жаңа инновацияны жетік меңгеріп, бәсекеге қабілетті болуы тиіс. Ауданымызда ұстаздық жолды таңдаңған жастарымыз жетерлік. Ұстаздық ұлы жолда өзінің талмай еңбек етіуінің арқасында биік белестерді бағындырып келе жатқан жас мамандардың бірі - Мұратбеков Жайық Қожабекұлы.
Ол 1992 жылы қыркүйек айының 29 жұлдызында Онды ауылында дүниеге келген. 1999-2000 оқу жылында "Онды орта мектебінде", 2000-2001 оқу жылында "Б.Жұмалиев атындағы орта мектебінде", 2001-2010 жылдар аралығында "Шетпе гимназиясы" ММ-де білім алды. Мектеп кезінен-ақ түрлі білім додаларына қатысып жүлделі орындарды қанжығасына байлаған Жайық, еліміздің жүрегі Нұр-Сұлтан қаласындағы Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ-нің тарих факультетінде, тарих пәні мұғалімі мамандығын алды.
Еңбек жолын 2014 жылы "Шетпе лицейі" ММ-де бастап, шәкірттерінің өн бойына ізгілік нұрын құйып, біліммен қаруландырып, аянбай тер төккен жас ұстаздың жетістіктері де аз емес. 2015 жылы аудан әкімінің алғыс хаты, 2018 жылы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алғыс хатымен марапатталса, биылғы жылы облыс әкімінің алғыс хатына ие болды.
Ұстаздық жолда еңбек етіп келе жатқан Жайық бүгінгі таңда Тұщықұдық ауылындағы "С.Жаңғабылов атындағы орта мектеп" ММ-де директордың міндетін атқарушы болып қызметін жалғастыруда.
