Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреді.

Көкшетау қаласында жас мамандармен және «Серпін» мемлекеттік бағдарламасының қатысушыларымен бірге жастардың өз қабілеттерін іске асыруына жағдай жасау, сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету, бос уақытты тиімді өткізу мен жұмысқа орналастыру мәселелерін талқылады.

«Nur Otan» жоғары білім алу үшін гранттардың санын кемінде 50%-ке ұлғайтуға ықпал етеді. Жыл сайын 75 мың жас қазақстандық тегін жоғары білім ала алады.

Бұл ретте 2025 жылға қарай сұранысқа ие мамандықтар бойынша колледждерде білім алу тегін болады.

Партияның сайлауалды бағдарламасы аясында студенттер стипендиясын 2 есе, магистранттар мен докторанттардікін – 1,5 есе көтеру, колледждер мен университеттер жатақханаларында кемінде 50 мың жаңа орын енгізу көзделуде.

Жылына 5 мың адамды қамти отырып, «Алғашқы жұмыс орын» жобасын іске қосу жоспарлануда. Жас кәсіпкерлердің жаңа бизнес-идеяларын жүзеге асыруы үшін жыл сайын 10 мың грант ұсынылады.

Сонымен қатар ауыл шаруашылық техникасын құрастыру зауытының жұмысшыларымен кездесті.

Таяудағы 5 жылда елімізде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндіру мен өңдеу бойынша 7 ірі агроөнеркәсіптік экожүйені іске қосу, 350 мың фермерлік және үй шаруашылығын тартып, жұмыспен қамту көзделіп отыр. Жаңадан 600 мың гектар суармалы жерді игеру есебінен 70 мың жаңа фермерлік шаруашылық ашуды ынталандырамыз.

Біздің nurotan2021.kz сайтындағы сайлауалды бағдарламамызда жазылған осы және басқа да шаралар арнаулы техникаға деген сұранысты арттырып, отандық машина жасау саласын қажетті жұмыс көлемімен қамтамасыз етуі тиіс.

Мақсаты айқын, нақты істер партиясы – «Nur Otan» партиясына дауыс беріңіздер!

#BizBirgemiz #JeńimpazBol

0
0
162

Осы тақырып бойынша

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабы Ақмола облысына ат басын тіреді. - Yvision.kz