Мазмұнға өту

Жаңа

Нұрсұлтан Назарбаев «Nur Otan» партиясы «Jas Otan» жастар қанатының V съезіне қатысты.

Нұрсұлтан Назарбаев тәуелсіздік жылдары қол жеткізген негізгі жетістіктерге тоқталып, осы жолда үлкен жұмыс атқарылғанын атап өтті.

– Мен бүгінгі таңда күллі қазақстандықтар мақтан тұтатын табыстарымызға жету қаншалықты қиын болғанын жақсы білемін. Өскелең ұрпақ қолда барды қадірлеуге, Отанымыздың әрі қарай өркендеуін ойластыруға, өз елін мақтаныш етуге тиіс. Жастар мүддесі әрдайым менің басты назарымда, – деді «Nur Otan» партиясының Төрағасы.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті егемендік жылдары елімізде нақты әрі тиімді әлеуметтік лифттер құрылғанын айтты.

– Менің бастамаммен ел үшін ең күрделі кезеңде іске қосылған «Болашақ» бағдарламасымен 15 мыңға жуық жас қазақстандық білім алды. Бес жыл бұрын Назарбаев Университеті студенттерінің алғашқы легі түлеп ұшты. Осы жылдардың ішінде оқу орнында бес мыңға жуық маман даярланды. Мемлекет іске қосқан әлеуметтік лифттердің арқасында мыңдаған жас қазақстандық табысқа жетті, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

«Nur Otan» партиясының Төрағасы жастар қанатының мүшелеріне пандемия кезіндегі қайырымдылық шараларына және волонтерлік қызметке белсене атсалысқаны үшін зор ризашылығын білдірді.

Қазақстанның Тұңғыш Президенті жастар белсенділігі әрдайым саяси прогрестің қозғаушы күштерінің бірі болғанына назар аударды.

– Қазіргі кезде жігерлі әрі бастамашыл болудың маңызы ерекше. Өйткені біз тез өзгеріп жатқан әлемде өмір сүріп отырмыз. Көпшілікке таныс өмір салты артта қалғаны сөзсіз. Технологиялар мүмкіндіктеріміздің әлеуетін айтарлықтай арттыруда, – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Елбасы елді дамыту және Қазақстанның тәуелсіздігін нығайту ісіне жастардың белсене атсалысуының маңызын атап өтті.

– Ел ертеңі мен ұлт тағдыры жастарға тікелей байланысты. Қазіргі ұрпақ заман талабына сай дамып отыруы керек. Бүгін айтылғандардың бәрін менің өсиетім деп түсініңдер, – деді Қазақстанның Тұңғыш Президенті.

0
0
197

Үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда

"Nur Otan" партиясы атынан сайлау науқанына түсіп жатқан үміткерлердің үгіт-насихат жұмыстары жалғасуда. Бүгін облыстық мәслихат депутаттығына кандидат Силар Қияқбаев пен Елдос Әбікенов бірқатар жерлесінің үйінде болып, партияның алдағы бес жылға жоспарлаған ауқымды жобаларын таныстырды.

Канвассинг форматында өткен кездесуден қала тұрғындары Жезқазған қаласын дамытудың 7 басым бағытынан хабардар болды.  Сайлаушылар сапалы ауыз су, таза экология мен  медицинаның қолжетімділігін қамтамасыз етуді міндеті еткен партияның бағдарламасын жылы қабылдап, кандидаттарға жеңіс тіледі.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
161

Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісі ұстаздарға жүктелгендіктен

Әлемнің дамыған отыз елі қатарынан табылуды мақсат еткен еліміз үшін бүгінгі таңда маңызды міндет - білім сапасын арттыру. Білімді де бәсекеге қабілетті ұрпақ тәрбиелеу ісі ұстаздарға жүктелгендіктен, Қазақстанда педагог мәртебесін биіктетуге, білім сапасып жақсартуға бағытталған шаралар көп. Солардың бірқатары "Nur Otan" партиясының 2025 жылға дейінгі сайлауалды бағдарламасында көрініс тапқан.

1-ден 6 жасқа дейінгі балаларды мектепке дейінгі тәрбиемен 💯пайыз қамту, үш ауысымды оқуды жою, Теректі стансасы мен Батыс ауданда, Геология елді-мекенінде жаңа мектеп салу, жезқазғандық мұғалімдердің кәсіби деңгейін арттырып, білім ошақтарына 2800 компьютер сатып алу міндетін межелеген партияның сайлауалды бағдарламасын #1 орта мектептің ұжымына түсіндірген Жезқазған қалалық мәслихаты депутаттығына кандидат Әбдірахман Досанов әріптестерін тұрақтылық пен дамудың кепіліне айналған "Nur Otan" партиясын таңдауға  шақырды.

@nur_otan @baibekbk @arman_kyrykbayev @jas_otan @elnurbeisenbai

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
165

«Nur Otan»-ның Республикалық сайлауалды штабы Жамбыл облысына ат басын тіреді.

Тұрғындар жастарға қолдау көрсету, денсаулық сақтау саласының сапасын көтеру, мемлекеттік органдар жұмысын жақсарту, ауыл шаруашылығын дамыту секілді мәселелерді көтерді. Аталған ұсыныстардың барлығы біздің сайлауалды бағдарламаларымызда қамтылған. Олар праймериз барысында жұртшылықпен кеңінен талқыланған болатын.

Сонымен, өңірде 100-ден астам ауылды сапалы ауыз сумен, газбен және кең жолақты Интернетпен қамтамасыз ету жоспарланып жатыр. Сондай-ақ, 13 жаңа мектеп пен Оқушылар сарайын салу көзделуде.

«ҚТЖ» Локомотив депосы мен «Қазфосфат» минералды тыңайтқыштар зауытының ұжымымен кездесуде азаматтарды әлеуметтік қолдау, тұрғын үймен қамтамасыз ету, жаңа жұмыс орындарын ашу мәселелерін талқылады.

«Nur Otan»-ның сайлауалды бағдарламасы аясында 130 мың жұмыссыз адамды еңбек нарығындағы сұранысқа ие кәсіптерге оқыту көзделген. Сонымен бірге 150 мың адам «Бастау Бизнес» жобасы бойынша оқытылады.

Нақты Жамбыл облысында өңдеу өнеркәсібі саласында 19 инвестициялық жобаны іске асыру және 8 жаңа өндірісті іске қосу жоспарлануда. Соның нәтижесінде өңірде 5 жыл ішінде 84 мыңдай жаңа жұмыс орны ашылады.

Жалпы, ұлттық спорт түрлері тың қарқын алады. «Nur Otan» ат спортын және басқа да бағыттарды насихаттау мен дамытуға ықпал етеді.

Жаттықтырушы-оқытушылардың жалақысы 2023 жылға қарай 2 есе артады. Дене шынықтыру мұғалімдеріне мектептерде спорт секцияларын ұйымдастырып, жүргізгені үшін базалық еңбекақысына 100% мөлшерінде қосымша ақы көзделеді.

Әрбір ауылдық округте спорт инструкторы лауазымы енгізіледі. Барлық тірек ауылдарды қамти отырып, балалар-жасөспірімдер клубтарының саны мыңға дейін жеткізіледі.  Ересектер мен ерекше қажеттілігі бар балалардың спортпен шұғылдануларына жағдай жасалады.

Кездесу нәтижесінде қатысушылардың көпшілігі «Nur Otan»-ға қолдауын білдіріп, алдағы сайлауда біздің партиямызға дауыс беруге ниеттеніп отырғандарын жеткізді.

Бізбен бірге болыңыздар! Жеңімпаз болыңыздар! «Nur Otan»-ға дауыс беріңіздер!

0
0
170