Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan"партиясы аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттары ауыл ақсақалдарымен кездесті.

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында аудандық мәслихат депутаттары ауыл ақсақалдарымен кездесті. Кездесуде ауылдағы оң өзгерістер жайында сөз қозғалып, кейбір мәселелер жөнінде ұсыныс-пікірлер айтылды.

0
0
150

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс

Бүгін "Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалының мәжіліс залында аудандық сайлауалды штаб мүшелерінің сенімді өкілдермен сайлауалды дайындық жұмыстары жөнінде семинары өтті.

0
0
116

Кәсіпорындар қызметі партия назарында

Талдықорған қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Болат Сериев пен Алишер Манликов «Ажар» тігін фабрикасының ұжымымен кездесті.

Кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасын насихаттап, түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар, осы уақытқа дейінгі атқарылған жүйелі жұмыстар легімен бөлісті. «Nur Otan» партиясы қолданыстағы кәсіпорындардың бәсекеге қабілетті өнім шығару ассортиментін кеңейту және ұлғайтуға ықпал ететін болады. Қазіргі қиындықтарға қарамастан партия экономиканың тұрақтылығын қамтамасыз ету, қолданыстағы жұмыс орындарын сақтау және жаңа жұмыс орындарын құру, облысымызды қауіпсіз әрі жайлы ету үшін бірқатар маңызды жобаларды іске асырмақ . «Біздің бағдарламамыз Талдықорған қаласын дамытуға бағытталған. Біз қаламызды өмір сүру үшін қолайлы аймаққа айналдыратын нақты шараларды ұсынамыз. Қаламыздың дамуы мен өркендеуі үшін азаматтар мен қоғамдық бірлестік өкілдерімен әрқашан тығыз байланыста болып, идея алмасуға дайын екендігімізді айтқымыз келеді. Қиындықты еңсеріп, жеңіске бірге жетеміз!»-деп негізгі басымдықтарға тоқталып, бағдарлама бағыттары бойынша ақпараттандырып өтті. Үміткерлер аталмыш ұжым қызметкерлері тарапынан қойылған сауалдарға жауап беріп, «Nur Otan» партиясын қолдауға шақырды.

Оплачено из средств Избирательного фонда Алматинской области партии «Nur Otan» 

Выборы-2021

0
0
1061

Исатай ауылының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу

Кездесу барысында  "Nur Оtan" партиясының  Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, талқыланды. Атап айтар болсақ партияның сайлауалды бағдарламасына  сәйкес 2021 жылы Исатай ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені құрылысын салу,  2023-2024 жылдары Исатай ауылында 100 орындық балабақша құрылысын салу, 2023-2024 жылдары  Исатай және Зинеден ауылдарынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу жоспарланған. "Nur Оtan" партиясы осы аталған жобалардың нақты жүзеге асырылуына, сондай-ақ, бюджет қаражатының тиімді жұмсаулуын бақылауына алатын болады. Сонымен қатар, кандидат Ә.Семғалиев ауыл тұрғындарының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.

0
0
163

Кездесу өтті.

Кездесуге әр ауылдық округтан кәсіпкерлермен қожалық басшылары қатысты. Кездесу барысында партия төрағасы, Елбасы – Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың ағымдағы жылдың 21 желтоқсан күні партия съезінде бекіткен партияның 5 жылдық бағдарламасы туралы ақпараттар беріліп, сұрақтар мен ұсыныстар тындалды.

0
0
144

«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері дәрігерлермен кездесу өткізді.

ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының ережелерімен таныстырды

Штаб мүшесі, сенатор Дана Нұржігіт, «Nur Otan» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Артур Платонов және мәслихат депутаттығына кандидаттар – Арман Жүдебаев, Такир Балықбаев, Алмат Қодасбаев қатысты.

Денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету мәселелері Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінде талқыланды. Депутаттыққа кандидаттар «Nur Otan» партиясы қалалық денсаулық сақтау жүйесін ең жоғары әлемдік стандарттармен қамтамасыз етуді жақтайтынын хабарлады.

0
0
183