«Nur Otan» партиясының Республикалық сайлауалды штабының мүшелері дәрігерлермен кездесу өткізді.
ҚР Парламенті Мәжілісі мен қалалық мәслихат депутаттығына кандидаттар сайлаушыларды партияның сайлауалды бағдарламасының ережелерімен таныстырды Штаб мүшесі, сенатор Дана Нұржігіт, «Nur Otan» партиясының атынан Мәжіліс депутаттығына кандидат Артур Платонов және мәслихат депутаттығына кандидаттар – Арман Жүдебаев, Такир Балықбаев, Алмат Қодасбаев қатысты. Денсаулық сақтау қызметтерімен қамтамасыз ету мәселелері Асфендияров атындағы Қазақ ұлттық университетінде талқыланды. Депутаттыққа кандидаттар «Nur Otan» партиясы қалалық денсаулық сақтау жүйесін ең жоғары әлемдік стандарттармен қамтамасыз етуді жақтайтынын хабарлады.


