Мазмұнға өту

Жаңа

“Канвассинг” кездесуі жалғасуда

Ұл тәрбиелей отырып, халықты тәрбиелейміз, қыз тәрбиелей отырып, ұлт тәрбиелейміз- дегендей  «Алтын алқа» иегері, Ләззат апамыз  ұл-қыз тәрбиелеп, бүгінде немере мен жиен сүйіп отырған үлгілі- ана.

Партиясының жұмыстарына тоқтала келе, сайлауалды бағдарламасына да шолу жасап, 2021 жылдың 10 қаңтарында өз дауысын беруге сайлау учаскесіне келуге шақырдық.

Бір шаңырақта үш отбасы тұрып жатқандығын айтқан апамыз жастарға баспана беруге қол ұшын берсе, сондай-ақ Әйтеке би көшесіне жарық жоқтығын, қоқысты бірнеше көше жүріп барып тастап жүргендігін тілге тиек ете келе көшемізге қоқыс жәшігі қойылып, жарық жүрзіліп оң шешім болса деді.   Еліміздің тыныштығына   шүкіршілігін айтып, ісімізге сәттілік тіледі.

«Алтын алқа» иегерінің ақ ниетіне дән риза болып, пейілі кең, ниеті адал, ақ көңіл апамызға  бала қызығын көруді біз де тіледік.

0
0
169

Сүйіндік Асан бүгін сайлауалды науқан және«Кандидатқа сұрақ қой» жобасы аясында тікелей эфир өткізді

Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаттығына кандидат Сүйіндік Асан бүгін сайлауалды науқан және «Кандидатқа сұрақ қой» жобасы аясында тікелей эфир өткізді.

Ол «Нұр Отан» партиясының сайлауалды бағдарламасының жеті негізгі басымдықтарын жариялады.

Тікелей эфир барысында түскен тұрғындардың сұрақтарына жауап берді.

Ол сайлаушыларды өз қызметтерін халықтың өмірін жақсартуға бағытталған «Нұр Отан» партиясына дауыс беруге шақырды!                        🗒️Кандидат в депутаты Мажилиса Парламента РК Суиндик Асан, сегодня провёл прямой эфир в рамках агитационной предвыборной кампании и проекта «Задай вопрос кандидату».

Им были озвучены семь основных приоритетов Предвыборной программы партии «Nur Otan”.

Затем кандидат в депутаты ответил на вопросы жителей района.

И призвал избирателей отдать свои голоса за партию «Nur Otan”, деятельность которой направлена на улучшение жизни людей!

2
0
521

Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сәуле Бусаханова тікелей эфирде болды.

Бүгін Маңғыстау аудандық мәслихат депутаттығына кандидат Сәуле Бусаханова тікелей эфирде болып, "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламаларының негізгі бағыттары мен таныстырды. Партияның  өңірді дамыту дамыту бағдарламасында, халықтың әл-ауқатын арттыру жұмыстарын қамтитын маңызды мәселелерімен партияның қоғамдағы белсенділігі жөнінде айтты. Сондай-ақ үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді.

0
0
167

Есіктен-есікке

Қарттарым аман болсыншы.

Аудандағы еңбек ардагеріміз Жұмағалиев Шайдолла ағамыздың шаңырағында болып кездесу бақыты бұйырды. Менімен бірге аудандық орталықтандырған кітапхана жүйесінің директоры аудандық маслихатқа үміткер Айнұр Жасланқызы мен өзімнің сенімді өкілім Ақкүміс Хамитқызы және Ресурстық орталықтың операторы Даурен Махметұлы барды. Шайдолла ағамыз Ұлы Отан соғысынан оралмаған отты жырларымен отқа оранған аяулы  ақын Абдолла Жұмағалиевтің  інісі болып келеді. Ақынның жанашыры, бауыры ретінде көп көмектесіп ақын атының өшпеуі жолында қашанда ізденісте жүретін абзал жан. Бүгінде ауданымыздың сыйлы ардагері аудандық игі шаралардың басы қасында жүретін көзқарақты белсенді жан. Жастарға айтары бар қазыналы қариямызды тәуелсіздік күнімен құттықтап, сайлауалды үгіт насихат жұмыстарының аяқ алысын баяндап кездесіп қайттық. Ағайдың ойындағы жүрген мәселелерінде үнемі естіп жүреміз. Қазыргі қоғамдағы әлеуеттің әлеуметтік теңсіздігін, ақша құнының жоқтығын, азық түліктің қымбаттауының тоқтауын, төменгі жалақының тым аздығын жалпы алғанда халықтың жақсы өмір сүруіне барлық жағдай жасауға еліміздің күш қуаты жететіне сенімді. Тек осы жолда дұрыс таңдаулар мен байламдар, әділ шешімдер қажет деп отыр. Алдағы сайлауға отбасымен баратынын, ал біздерге сәттілік пен жеңіс тілеген ағайымызға бізде шаңырағына шаттық, ұзақ ғұмыр мен зор денсаулық тіледік. Аман болайық. Сайлауда кездескенше.

0
0
238

Бүгін Қарағанды ​​қаласы облыстық мәслихатының кандидаттары онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.

Бүгін Қарағанды ​​қаласы облыстық мәслихатының кандидаттары Ләззат Қожахметова, Жанна Стергер, Шет ауданынан кандидаты Хауарира Бергеновна мемлекеттік әлеуметтік көмек, партиялық жобалар аясында көмек көрсету мәселелері бойынша, ауданның көпбалалы және аз қамтылған отбасыларымен онлайн форматта дөңгелек үстел өткізді.

Кандидаттар тұрғындарға партияның сайлауалды бағдарламасының жеті негізгі басымдықтарын айтты.

Тұрғындардың сұрақтарына жауап берді. Кандидаттар сондай-ақ сайлаушыларды « Nur Otan» партиясына сайлауда өз дауыстарын беруге шақырды!

Сегодня кандидаты областного маслихата города Караганды Ляззат Кожахметова, Жанна Штергер, кандидат Шетского района Хауарира Бергеновна провели круглый стол в онлайн формате с многодетными и малообеспеченными семьями района по вопросу оформления государственной социальной помощи, оказание помощи в рамках партийных проектов.

Кандидаты озвучилти перед жителями семь основных приоритетов Предвыборной программы партии.

Ответили на вопросы жителей.  Так же призвали, избирателей отдать свои голоса на выборах за партию реальных дел, «Nur Otan

1
0
192