Исатай ауылының тұрғындарымен онлайн форматта кездесу
Кездесу барысында "Nur Оtan" партиясының Исатай ауданы бойынша сайлауалды бағдарламасы таныстырылып, талқыланды. Атап айтар болсақ партияның сайлауалды бағдарламасына сәйкес 2021 жылы Исатай ауылында дене-шынықтыру сауықтыру кешені құрылысын салу, 2023-2024 жылдары Исатай ауылында 100 орындық балабақша құрылысын салу, 2023-2024 жылдары Исатай және Зинеден ауылдарынан 200 орындық мәдениет үйінің құрылысын салу жоспарланған. "Nur Оtan" партиясы осы аталған жобалардың нақты жүзеге асырылуына, сондай-ақ, бюджет қаражатының тиімді жұмсаулуын бақылауына алатын болады. Сонымен қатар, кандидат Ә.Семғалиев ауыл тұрғындарының тарапынан қойылған сұрақтарға жауап беріп, ұсыныс-пікірлерін тыңдады.


