"Nur Оtan" партиясы Исатай аудандық сайлауалды штабының мүшесі Н.Кабулова дәрігерлерімен кездесті
Кездесуде "Nur Оtan" партиясы Исатай ауданының сайлауалды бағдарламасы, ондағы 7 негізгі бағыт бойынша атқарылатын шаралар, мысалы: аудандағы дәрігерлердің тапшылығы мәселесін шешу, дәрі-дәрмектер қорын тұрақты қамтамасыз ету және медициналық бұйымдар ИВЛ, КТ аппараттарымен қамтамасыз ету, қорғаныш құралдармен ауданның барлық емдеу-сауықтыру мекемелерінің қызметкерлерін қажетті қорғаныс құралдарының тұрақты қорымен қамтамасыз ету, 2021 жылы Тұщықұдық дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу, 2022 жылы аудандық орталық ауруханасының ғимаратын, Х.Ерғалиев дәрігерлік амбулаториясын күрделі жөндеу жүргізу,
2023 жылы Зинеден фельдшерлік-акушерлік пунктін күрделі жөндеу, 2025 жылға дейін Исатай ауылы, Қызыл үй, Айбас елді мекендеріне 3 жедел жәрдем көліктерін жаңарту, т.б сынды мәселелер талқыланды.
