Мазмұнға өту

Жаңа

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында «Бизнестің жол картасы-2020», «Жол картасы -2020»

"Nur Otan" партиясы Маңғыстау аудандық филиалында  «Бизнестің жол картасы-2020», «Жол картасы -2020» бағдарламалары және ауылшаруашылық несиелендіру бағдарламалары шеңберінде микрокредиттеу механизмдері туралы «Ауылдағы жұмыспен қамту» акциясы өтті.  Акцияға Маңғыстау аудандық "Атамекен" кәсіпкерлік палатасы филиалының және Маңғыстау аудандық кәсіпкерлік бөлімінің мамандары қатысып, тұрғындар аталған бағдарламалар бойынша кеңестер алды. Сондай-ақ, «БИЗНЕС БАСТАУ» және жұмыс жасайтындарға арналған "Бизнес мектеп" жобалары бойынша:

Атамекен ҚР ҰКП-ның  «БИЗНЕС Бастау» жобасына

NEET санатындағы жастар, жас және аз қамтылған көпбалалы отбасылар, 18 жастан  жоғары 63 жасқа дейінгі еңбекке жарамды мүгедектер қатыса алады.

Бұл жоба арқылы алатын мүмкіндіктер:

Кәсіп ашу;

Бизнес-жоспарлау дағдыларын уйрену;

Тәжірибелі үздік бизнес-тренер практиктерден заманауи әдістер бойынша оқу;

Жеке істі дамытуға қайтарымсыз грант алу (555 600тг);

Жеңілдетілген жылдық 6% -бен несие алу.

Мамандар аудан тұрғындарына осы мүмкіндіктерді  пайдалануға шақырды.

0
0
177

Нәзия Болатқызы аудандық сайлауалды штабында қабылдау жүргізді

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Нәзия Болатқызы аудандық сайлауалды штабында қабылдау жүргізді.Қабылдау кезінде партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың әртүрлі мәселелерін тыңдады. Қозғалған басты мәселелер балаларға заман талабына сай қосымша мектеп, үйірмелер салынса, мал шаруашылық саласындағы мамандарға қолдау көрсетілсе, жол салынса, кейбір шалғай ауылдарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілсе және т.б мәселелер қарастырылды.

1
0
186

«Lectorium»жобасы аясында«Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті

Бүгін «Lectorium» жобасы аясында «Елбасы және Маңғыстау» тақырыбында Zoom платформасында онлайн кездесу өтті. Кездесуге ауданның қаржы саласында қажырлы еңбек еткен ардагер Сұлтан Жұбаев және белсенді жастар қатысты. Шара барысында ардагер С.Жұбаев өзінің еңбек еткен жылдарынан естелік айта отырып, Маңғыстауымыздың өркендеуі, халықтың әл ауқатының жақсаруы туралы айтты. Тәуелсіздік алмай, алғашқы Президентіміз сайланбай тұрған уақыттағы қиыншылықтар мен бүгінгі ұрпақтың алаңсыз өмірі, тұғырлы тәуелсізідігімдің бізге берген жемісі туралы салыстыра отырып, мысалдармен жеткізді. Елбасымыздың өзге мемлекеттермен келісім жасай отырып, шекарамызды анықтауы, сындарлы саясаты, мән-маңызы зор бағдарламаларына әрқашан қолдау білдіріп, елімізді көркейте түсуге атсалысып, үлес қосуды үлкен абырой, міндет санайтынын баса айтты. Сондай-ақ сайын даланы ата-бабамыз ақ білектің күші, ақ найзаның ұшымен қорғағанын, тұғырлы тәуелсіздік жолындағы ерен еңбек иелерін қастерлеуге шақырып, бүгінгідей жарқын бейбітшілік заманда күн кешіп жатқан жастарға тәуелсіздіктің қадірін түсініп, олардың бойында Отансүйгіштік пен патриоттық сезімнің мол болуын тіледі. Жастар ардагерімізге сұрақтарын қойып, ақсақалдың батасын алды.

0
0
145

Қайырлы Аманкелдіұлы аудандық сайлауалды штабында қабылдау жүргізді

Бүгін аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Қайырлы  Аманкелдіұлы аудандық сайлауалды штабында қабылдау жүргізді.Қабылдау кезінде партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, тұрғындардың әртүрлі мәселелерін тыңдады. Қозғалған басты мәселелер балаларға заман талабына сай қосымша мектеп, үйірмелер салынса, мал шаруашылық саласындағы мамандарға қолдау көрсетілсе, жол салынса, кейбір шалғай ауылдарды ауыз сумен толықтай қамтамасыз етілсе және т.б мәселелер қарастырылды.

1
0
145

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы

Бүгін «Nur Otan» партиясы Маңғыстау аудандық филиалының бақылау тобы Шетпе селосындағы орталық кітапхана салу нысаны және Шетпе селосындағы орталық саябақ  аймағы мен орталық алаңды абаттандыру жұмыстары бойынша рейд жүргізді. Желтоқсан айының аяғында құрылыс-монтаж жұмыстары аяқталып, пайдалануға беріледі деп жоспарлануда.

«Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында «Шетпе селосындағы орталық саябақ аймағы мен орталық алаңды абаттандыру» жұмыстары  да жүргізілуде. Абаттандыру жұмыстары  ішінде келесі жұмыстар қамтылатын болады: ҰОС -на қатысқан батырларды мәңгі есте сақтау ескерткішін орнату, ту монументі аумағы мен жалауша орнату, балалар ойын алаңын салу, кіре беріс доғасын орнату, субұрқақ салу, әр түрлі іс-шаралар өткізуге арналған сахна орнату, орталық алаңға брусчатка төсеу. Бұл жоба бойынша жұмыспен қамту орталығынан 30 адам жұмыспен қамтылды. Жұмыстың аяқталу мерзімі 31.12.2020.

0
0
214