Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі.

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. Сыбайлас жемқорлық еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму үдерісі мен нарықтық экономиканың құрылуын тежейді. Сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бойынша еліміз бойынша түрлі бағытта шаралар ұйымдастырылуда.

Бүгін Zoom платформасында «Сыбайлас жемқорлықпен күрес - еліміздің тұрақты дамуының кепілі» тақырыбында аудан жастарының қатысуымен пікірсайыс өтті. Қашықтан өткізілген шараға ауданның белсенді жастары қатыса отырып, аталған мәселе бойынша түрлі бағытта ойларын ортаға салып, пайымды пікірлерін білдірді. Мұндай шаралардың көптеп ұйымдастырылуы өскелең ұрпақ үшін орны ерекше, әрі пайдалы болмақ. Қашықтан өткізілген пікірсайысқа қатысушы жастар жоғары белсенділік көрсетті. Бұл қуантарлық жағдай, олар осындай шараларға қатысу арқылы сыбайлас жемқорлықтың түбі неге апаратынын түсініп, теріс әрекеттерге жол бермеуді терең ұғынады. Еліміздің ертеңі саналатын жастарға дұрыс бағыт бағдар беру біздің ортақ міндетіміз.

0
0
146

Осы тақырып бойынша

Сыбайлас жемқорлықпен күрес мәселесі кез келген мемлекет үшін өзекті проблемалардың бірі. - Yvision.kz