Мазмұнға өту

Жаңа

БҚО-да әйелі күйеуін тапсырыспен өлтіртпек болған

Жедел іс-шаралар барысында БҚО-да полиция тапсырыспен кісі өлтіруді тоқтатты. Өңірдің ұйымдасқан қылмысқа қарсы күрес басқармасының жедел уәкілдері шұғыл түрде әрекет етіп, қылмысқа жол бермеді. Қылмысты ұйымдастырды деген күдікпен БҚО-ның екі тұрғыны ұсталды. Қылмысқа тапсырыс беруші күйеуімен мүлікті бөліскісі келмейтін әйел екені анықталды. Күдіктілерден олардың кінәсін растайтын заттай дәлелдемелер тәркіленді. Тергеу мәліметтері бойынша, қаруды сатып алу және кісі өлтіруді орындау үшін тапсырыс беруші ұйымдастырушыға 1,3 млн теңге берген. Күдіктілер ұсталды, соттың санкциясымен оларға қатысты “қамауда ұстау” бұлтартпау шарасы таңдалды. Қылмыстық іс кісі өлтіруге оқталу фактісі бойынша тергеліп жатыр. Күдіктілер 20 жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Қазір жәбірленушінің өмі…

0
0
266

Бүгін - Алғыс айту күні

Бүгін 1 наурызда елімізде Алғыс айту мерекесі аталып өтіп жатыр.Фото: egemen.kzЕліміздің халқы Алғыс айту күнін осыдан 8 жыл бұрын атап өте бастаған еді. Тағдырдың тәлкегімен елімізге қоныс аударған түрлі этнос өкілдерін қазақ халқы құшақ жая қарсы алып, ауыртпалық атаулыны бірге көтерді. Бұл күн - қиын-қыстау кезеңдерде қуаныш-қайғыны бөлісіп, пана бола білген қазақ халқына өзге ұлт өкілдерінің алғыс айтатын күні.2016 жылы 14 қаңтарда ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев 1 наурыз - Алғыс айту күні деп жарияланғаны туралы жарлыққа қол қойды. Дәл осы 1 наурыз күні елімізде Қазақстан халқы Асссамблеясы құрылған болатын. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев 2015 жылдың 22 сәуірінде Ассамблеяның XXII сессиясында Алғыс айту күнін белгілеуге не түрткі болғанын айтқан болатын.«Олард…

0
0
310

Еліміздің құтқару қызметіне - 30 жыл

ҚР ТЖМ Республикалық жедел-құтқару жасағына 30 жыл. 

 1994 жылғы 28 ақпанда ҚР Министрлер Кабинетінің қаулысымен республикалық жедел-құтқару жасағының бірінші мемлекеттік құтқару бөлімшесі құрылды.
Осы жылдар ішінде жасақ қызметінің арқасында 7323 жедел шығу жасалды, 5787 адам құтқарылды.
Жасақта  кең бейінді мамандар, құтқарушы-сүңгуірлер, кинологтар, шағын көлемді кемелердің жүргізушілері, халықаралық деңгейдегі құтқарушылар жұмыс істейді.
Бүгінгі таңда Республикалық жедел-құтқару жасағы-әлемнің кез келген жерінде ең күрделі авариялық және іздестіру-құтқару жұмыстарын орындауға қабілетті күштер тобы.

0
0
315

«Менікі шантаж ғой». Жүрсін Ерман «Бутяның» айтысқа қалай демеуші болғанын айтты

Ақын, «Айтыстың» жүргізушісі Жүрсін Ерман айтыс ақыны Жандарбек Бұлғақовқа сұхбат берді. Онда Жүрсін ағамыз көп нәрсе айтқан.Ал біздің назарымызды аударғаны кәсіпкер, саясаткер Болат Әбіловтің айтысқа қалай демеуші болғаны еді.  Алдымен 1998 жылғы айтыстағы Жүрсін Ерманның сөзі келтіріледі.«Алдына барып сөйлескенімізде Мырзатай аға екеуміз бұл жігітті де түсінуге болады екен, түсіндірсе ұғады екен, бір ауыз сөзге келместен қазақтың ұлтының өнеріне тікпеген бәйгені неғыламын деп алдарыңызға әкеп отыр. Бутя, Болат Әбілов осында қатысып отыр. Рахмет, айналайын. Бағың жана берсін. Осы жігіттің жанына үңілсек, біздің көбімізден гөрі қазақ қаны бар.Ұстазымыз Мырзатай Жолдасбек екеуміз әрі жүгіріп, бері жүгіріп, ештеңе шығара алмадық», – дейді ол сол кезде сахнада тұрып.  Ол сосын сұхб…

0
0
596

Қызылорда облысындағы құс фабрикасында өрт шықты

28 ақпан сағат 04.37-де Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Бесарық ауылында құс фабрикасының жеке бір қабатты ғимаратының төбе жабыны 288 шаршы метр аумақта өртке оранды. Зардап шеккендер жоқ.


 Алдын-ала болжам бойынша өрттің себебі - анықталуда.
Өрт 05.41 сағ. оқшауланып, 06.12 сағ. жойылды.
Өртті сөндіруге ТЖД жеке құрамынан 7 адам жəне 2 техника жұмылдырылды.

https://t.me/qr_tjm

0
0
256

Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қауіпсіздік кеңесінің отырысын өткізді.Жиын барысында Ұлттық қауіпсіздік стратегиясын жүзеге асыруға бағытталған негізгі әдіс-тәсілдерді жандандыру мәселелері қарастырылды. Мемлекет басшысы әлемде қалыптасқан күрделі геосаяси ахуал жағдайында талқыланып отырған проблематика Қазақстанның экономикалық және әскери әлеуетін нығайту тұрғысынан зор мәнге ие екенін атап өтті.Премьер-Министрдің орынбасары – Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров баяндама жасады. Сонымен қатар бірқатар салалық мемлекеттік органның басшылары мәлімет берді.Қасым-Жомарт Тоқаев ұлттық қауіпсіздікке қауіп төндіретін негізгі сын-қатерлерге объективті талдау жасап, олардың алдын алу шараларын әзірлеу қажеттігін айтты.Президент азаматтардың және тұтас мемлекеттің қауіпсіздігі Үкім…

0
0
273

ТЖМ өз қатарындағы қыз-келіншектер туралы айта бастады

Виктория Палевич азаматтық қорғау органдарында 2009 жылдан бері қызмет етіп келеді.

Астана қаласы ТЖД Күштер мен құралдарды жедел басқару орталығында диспетчер болып 2011 жылдан бастап жұмыс істейді. Азаматтық қорғау старшинасы Виктория Палевич «101» және «112» пультіне төтенше жағдайлар мен өрттер туралы келіп түскен қоңырауларды қабылдай отырып, гарнизонның күштері мен құралдарын шақыру орнына нақты және жедел жібереді.

t.me/qr_tjm

0
0
262

"Өнерің өмір бойы әлдилесін". Жұлдыз күйеуін туған күнімен құттықтады

"Халықтың, сахнаның, ағайынның ҚАЙРАТЫ, туған күніңмен!
Өнерің, еңбегің өмір бойы әлдилесін. Абыройың асқақтап, балаларың үшін мақтаныш болуды нәсіп етсін.
Тілерім, тура жолдан адастырмай, басыңнан бағың таймай, әдемі қарттық болсын. Тыңдарманның қошеметі кемімесін.
Өзіңді сыйлап, бағалайтын жақын жандарың қасыңнан табылсын!
Сыйлаймын!" деп жазды Жұлдыз.

0
0
248

Биыл Наурыз өзгеше тойланбақ

Биыл Наурыз мейрамын жаңаша тойлауға дайындық жүргізіліп жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігіндегілер Tengri Life-тың сұрағына жауап беріпті.

Олар тиісті құжаттың талқыланып жатқанын, алдағы наурыз айында жарияланатынын хабарлаған.

Жалпы, Наурыз мейрамының маңыздылығын президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтқан еді.

«Жаңа жыл – әрине, күнтізбенің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қорытындылап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – әз-Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы», - деді Мемлекет басшысы.   

0
0
328

Талдықорғанда млрд теңгеден асатын 6 сатып алу конкурсының күші жойылды

Талдықорған қаласының прокуратурасы құны 1 миллиард теңгеден асатын 6 мемлекеттік сатып алу конкурсының күшін жойды.

Тапсырыс берушілер конкурстық құжаттамада біліктілік талаптарын негізсіз жоғарылатып, сол арқылы әлеуетті өнім берушілердің мемлекеттік сатып алуға қатысуын шектеп, қиындатқан.

Тағы бір жағдайда, құны 500 миллион теңгеден асатын қала көшелерін ағымдағы жөндеуге конкурс жарияланған кезде тапсырыс беруші жөндеуді қажет ететін көшелердің атауларын нақтыламаған, әр көшедегі жұмыстың сметалық құнын анықтамай, ақаулы актілерді ұсынбаған.

Прокуратура заң бұзушылықтардың дер кезінде алдын алып, кәсіпкерлік субъектілерінің ашық конкурсқа қатысуын қамтамасыз етті.

Жетісу облысының прокуратурасы

0
0
233