Мазмұнға өту
Обложка сообщества Qogam

Биыл Наурыз өзгеше тойланбақ

Биыл Наурыз мейрамын жаңаша тойлауға дайындық жүргізіліп жатыр.

Мәдениет және ақпарат министрлігіндегілер Tengri Life-тың сұрағына жауап беріпті.

Олар тиісті құжаттың талқыланып жатқанын, алдағы наурыз айында жарияланатынын хабарлаған.

Жалпы, Наурыз мейрамының маңыздылығын президент Қасым-Жомарт Тоқаев жыл басында «Егемен Қазақстан» газетіне берген сұхбатында айтқан еді.

«Жаңа жыл – әрине, күнтізбенің жаңа парағын ашатын маңызды меже. Осы сәтте өткен жылды қорытындылап, келешекке жоспар құру әдетке айналған. Бір жағынан, Жаңа жыл мен үшін қастерлі мереке емес. Оның үстіне, өзіміздің төл жаңа жылымыз – әз-Наурызды естен шығармаған жөн. Бұл мейрам – тіршілікті түлете келетін нағыз табиғи жыл басы», - деді Мемлекет басшысы.   

0
0
267

Осы тақырып бойынша

Биыл Наурыз өзгеше тойланбақ - Yvision.kz