Мазмұнға өту

Жаңа

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері партия ардагерлерімен кездесті

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері партия ардагерлерімен кездесті

Аудандық қоғамдық штабтың мүшелері партия ардагерлерімен кездесті. Кездесуде «Nur Otan» партиясының сайлауалды бағдарламасы 2025. Өзгерістер жолы: Әр азаматқа лайықты өмір және 17 басымдық атап өтілді. Өмірлік тәжірибелері мол, көпті көрген аға буын өкілдерінің жас ұрпақты тәрбиелеу жолындағы берері әлі де көп. Олардың ақыл-кеңестері әрдайым орнымен айтылып, көпшіліктің кәдесіне жарап жататыны түсінікті. Елімізде болғалы отырған сайлау қарсаңында осындай партия ардагерлерімен кездесу, ел саясатын мансұқтауға үлес қосатын пікірлерін назарда ұстау штаб мүшелері үшін ерекше пайдалы. Басқосуда штаб мүшелері сайлаудың басты ерекшеліктеріне тоқтала отырып, әрбір аудандағы күні бүгінгі жүргізіліп жатқан жұмыстар легінен хабардар етті. Сонымен қатар аудандық штаб мүшелері мен ерікті белсенділерге де жауапкершілікті сезіне отырып, сайлаудың өз дәрежесінде өтуіне, үміткерлердің сайлауалды үгіт-насихат жұмыстарын жүргізу кезінде бар мүмкіндіктердің жасалуына жағдай туғызу қажеттігін де айта өтті. Жалпы, көп мағлұмат берілген, өзара пікір алмасылған бұл жиын әр адамға зор жауапкершілік сезімін жүктеп бергенінде сөз жоқ. #NUROTAN

#JenimpazBol

#BizBirgemiz

#Tanday2021

0
0
191

«Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды қабылдады

Облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Мырзахметова Әсел Қажиахметқызы «Nur Otan» партиясының қоғамдық қабылдауында тұрғындарды қабылдады.

Бүгінгі қабылдауда денсаулық мәселесі бойынша келгендер көп болды.

«Өзімнің аяғым ауырады. Сорбуын (артрит) диагнозын қойып, мүгедектік тобын беріп еді. Одан да 2015 жылы шығарып тастады. Бармаған жерім жоқ, ешқандай көмек болмады. Енді Жаңақорғанға барып, аяғымды емдетсем деймін. Соған қаржы жағынан қиналып тұрғаным», - деп өтінішін айта келген Сырым ауданының тұрғынына кандидат сайлау науқанынан кейін міндетті түрде шешімін тауып, қолұшын беруге тырысатындығын жеткізді.

Жүрек талма ауруымен ауыратын Жалпақтал өңірінің азаматы ешқандай жерге орналаса алмай жүргенін айтып шағымданды. «Менің диагнозыммен ешқандай жерге жұмысқа алғысы келмейді. Ең болмағанда мүгедектік тобын да бермейді. Жұмыс жасағым-ақ келеді. Алайда жұмыс берушілер де өз мойындарына жауапкершілік ала алмайтындықтарын айтып, кері  қайтарып жібереді», - деп жағдайын айтқан бұл азамат, өз сұрағына нақты жауап ала білді. Қоғамдық қабылдау бөлімінің меңгерушісі Шайхиниязова Гауһар Жәрдемқызы үміткермен бірге сол жерде тиісті мекемеге қоңырау шалып, қажет ақпаратты алып берді. Мүгедектік алу үшін қажетті құжаттарды жинап болған соң, бұл мәселе оң шешімін табу үшін көмектесетінін жеткізді үміткер.

Осы және басқа да ұсыныс-сұрақтарға  барынша  нақты жауап беруге тырысқан үміткер барлығын алдағы сайлауға белсене қатысып, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

0
0
245

Үміткерлер спорт шеберлерімен кездесті

Бүгін қалалық мәслихат депутаттығына үміткерлер  мұз айдынында спорт шеберлерімен кездесті. Жиында сайлауалды бағдарлама сөз болып, партия тарапынан салаға бағытталған жоспарлар айтылды. Шараға қатысушы спортшы жастар әртүрлі мәселелерді алға тартып, белсенділік танытты.

Үміткер Жанат Ұбайдуллақызы кездесу барысында спорт саласына қатысты ілкімді жоспарлардан өзге білім саласын ілгерілету барысындағы айқын мақсаттарды жеткізді. Сонымен бірге, партия тарапынан жасалып жатқан мүмкіндіктерге тоқталды.

- Еңбек ұжымдарында спорт командаларын құру және спорттық іс-шараларды ұйымдастыру,  дене шынықтыру жаттығуларын жасау тәжірибесін енгізу бағдарламаның басым бағыттарына кіреді, - деген Дархан Жомартұлы жастардың қоғамның қозғаушы күші ретінде айтылған әрбір пікірінің маңызды екендігін атап өтті.

Айта кетерлігі, бағдарлама жоспарында қалаға қарасты ауылдық округтер мен кенттерде спорт алаңдарын көбейтуге зер салынбақ. Одан өзге әр жылда 120 жаппай спорттық іс-шаралар, 4 республикалық турнирлер ұйымдастырылады.

Сонымен қатар, жиынға қатысушылардың бірі жоғарғы оқу орындарында студенттер үшін дене тәрбиесі және спорт мамандықтарына арналған грант түрлерін көбейту турасындағы ұсынысын жеткізді.

Кездесу соңында Раушан Жәдігерқызы «Nur Otan» партиясы тарапынан атқарылар әртүрлі жобалардың маңызын тізіп, сайлаушыларды дауыс беруге шақырды.

0
0
240

Кандидаттар медицина саласының өкілдерімен тілдесті

Қызылорда қалалық мәслихат депутаттағына кандидаттар денсаулық сақтау саласы өкілдерімен кездесті. «ZOOM» арқылы онлайн жүйе арқылы кездесу барысында бүгінгі медицинаға бағытталған сапалы қызмет түрі сөз болды. Сонымен бірге, аталған салаға қатысты сайлауалды бағдарлама төңірегіндегі нақты жоспарлармен таныстырды. 

Басқосуда Гүлнар Жұмашева, Айна Мұхамбетова және Әнуар Нақып үгіт-насихат қарсаңында ұйымдастырылған шарада сала өкілдері тарапынан көтерілген түрлі мәселелерді тыңдады. Сондай-ақ, үміткерлерге бағытталған сауалдарға жауап беріп, сайлауда аталмыш партияны қолдауға үгіттеді. 

Кездесуде көтерілген мәселелердің қатарында ақ халатты абзал жандардың баспана мәселесімен қамту жүйесі мен біліктілік деңгейлерін жетілдіру де қамтылды. 

- Сайлауалды бағдарламада медицина саласына қатысты біршама жоспарлар бар. Мәселен, Оңтүстік Корея, Түркия, Израиль, Ресей, Испания елдеріне жыл сайын мамандарды тәжірибеден өткізу мақсатында жолдама қарастырылмақ. Сонымен қатар, арнайы оқу курстарын да жиі өткізу партия ұстанған бағытта қамтылды, - деді  үміткер Гүлнар Жұмашева. 

Сонымен қатар, өзге кандидаттар қалаға қарасты елді мекендерге дәрігерлік амбулаториялар салу жоспарда екенін тілге тиек етті.

Тікелей байланыс арқылы өткен кездесуде қатысушылар әртүрлі ұсыныс пікірлерін де жеткізді.

#QyzylordaQalasy #NurOtanQyzylordaQalasy #NurOtanДауысБер

0
0
204