Білім беру қызметкерлері үшін тікелей эфирді төрағасының өткізді
Білім беру қызметкерлері үшін тікелей эфирді «Nur Otan» партиясы Павлодар қалалық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Айгүл Маликова және депутаттыққа кандидат Владислав Еленич өткізді. Бұл халықпен онлайн-кездесу ғана емес, әріптестер арасындағы әңгімелесу болды. Қалалық мәслихат депутаттығына кандидат Владислав Еленич бүгінде №29 мектеп директоры қызметін атқарса, Айгүл Маликова білім беру саласынан кетсе де, алдымен қатардағы биология мұғалімі, кейін №17 және №20 мектеп директоры болып жұмыс істеп үлгерген. Айгүл Маликова тікелей эфирде партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі басымдықтары туралы айтып берді. - Біздің басты міндетіміз – халықтың тұрмысын жақсарту, - деп атап өтті Айгүл Маликова. – «Nur Otan» партиясы өзінің сайлауалды бағдарламасында қаламызды дамытудың 7 басым бағытын атап көрсетті. Олардың бірі – экономикалық тұрақты қала. Бұл бағыт нені білдіреді? Пандемия кезінде зардап шеккен шағын және орта бизнеске қолдау көрсетіледі, «АЭА» кәсіпорындары толығымен жүктеледі, 2025 жылға қарай Павлодарда жаңа кәсіпорындар ашылады, 4000 жас адам тегін оқытудан өтіп, өздерінің бизнес-идеяларын жүзеге асыра алады, жыл сайын 3000 жаңа жұмыс орны құрылады. Айгүл Маликованың айтуынша, Павлодарды өмір сүруге ыңғайлы ету үшін ТҮКШ саласына көп көңіл бөлінеді. Инженерлік желілерді қайта жаңарту және халықты орталықтандырылған жылумен қамтамасыз ету – «Nur Otan» партиясының басымдықтарының бірі. Айгүл Маликова партия бағдарламасына сәйкес 2025 жылға қарай апатты және үш ауысымды мектептер мәселесі шешілетінін хабарлады. - Сапалы білімге қол жеткізуді қамтамасыз ету – қаланы одан әрі дамытудың маңызды шарты. Павлодарда 2021 жылы 5 жаңа мектеп салынады. Қолданыстағы 9 білім беру нысанына қосымша құрылыс салу жоспарланған. Бұл қала мектептерінің толып кету проблемасын шешуге мүмкіндік береді. Сондай - ақ, ауылдық округтерде спортзалдардың жай-күйіне байланысты проблема бар және ол шешілетін болады, - деп атап өтті Айгүл Маликова. Депутаттыққа кандидат барлық балалар үшін тең мүмкіндіктер жасалғанына жеке тоқталды.
Ол мектептерде инклюзивті білім беруді енгізу, кедергісіз орта құру, ерекше білім беру қажеттіліктері бар балаларды, логопедтер мен дефектологтарды оқыту үшін тәлімгерлердің штаттық бірліктерін енгізу туралы айтты.
________________________
Прямой эфир для работников образования провели Айгуль Маликова - первый заместитель председателя павлодарского городского филиала партии «Nur Otan», и кандидат в депутаты Владислав Еленич.
Это была не просто онлайн-встреча с населением, а разговор между коллегами. Дело в том, что кандидат в депутаты гормаслихата Владислав Еленич сегодня занимает должность директора школы №29, а Айгуль Маликова, хоть и ушла из сферы образования, успела поработать сначала рядовым учителем биологии, затем - директором школ №17 и №20. Айгуль Маликова в прямом эфире рассказала о ключевых приоритетах предвыборной программы партии.
- Наша главная задача - улучшение жизни населения, - отметила Айгуль Маликова. - В своей предвыборной программе партия «Nur Otan» выделяет 7 приоритетных направлений развития нашего города. Одно из них - экономически устойчивый город. Что предполагает это направление? Это поддержка малого и среднего бизнеса, пострадавшего во время пандемии, будут полностью загружены предприятия «СЭЗ», к 2025 году в Павлодаре будут открыты новые предприятия, 4000 молодых людей смогут пройти бесплатное обучение и реализовать свои бизнес-идеи, ежегодно будут создаваться по 3000 новых рабочих мест.
По словам Айгуль Маликовой, чтобы сделать Павлодар более комфортным для жизни, большое внимание будет уделено сфере ЖКХ. Реконструкция инженерных сетей и обеспечение населения централизованным теплоснабжением - один из приоритетов партии «Nur Otan».
Айгуль Маликова сообщила что, согласно программе партии, к 2025 году будет решена проблема аварийных и трехсменных школ.
- Обеспечение доступа к качественному образованию - важное условие для дальнейшего развития города. В Павлодаре только в 2021 году будет построено 5 новых школ. Запланировано строительство пристроек к 9 действующим объектам образования. Это позволит решить проблему переполненности городских школ. Ещё нужно упомянуть, что в сельских округах есть проблема с состоянием спортзалов, и она будет решаться, - перечислила Айгуль Маликова. Отдельно кандидат в депутаты остановился на создании равных возможностях для всех детей.
Рассказал о внедрении в школах инклюзивного образования, создании безбарьерной среды, введении штатных единиц наставников для обучения детей с особыми образовательными потребностями, логопедов и дефектологов.
