Мазмұнға өту
Обложка сообщества Разное

«Біз сайлауды қолдаймыз»

Қазақстанда 2021 жылдың 10 қаңтарында парламент пен жергілікті мәслихаттардың кезекті сайлауы өтеді. 11 желтоқсанда Қазақстанда саяси партиялардың сайлауалды үгіт-насихат жұмыстары басталды.

Осы үгіт-насихат жұмыстары аясында «Nur Otan» партиясы Батыс Қазақстан облыстық филиалының ұйымдастыруымен облыстық мәслихат депутаттығына үміткер Серғалиев Нұрлан Хабиболлаұлының қатысуымен ZOOM платформасында «Біз сайлауды қолдаймыз» атты студент жастарға арналған онлайн-лекция өтті.

Аталмыш шараға Жәңгір хан ат. БҚАТУ және М.Өтемісов ат. БҚУ студенттері қатысты.

Лекция барсында үміткер «Nur Otan» партиясының Батыс Қазақстан облысы бойынша сайлауалды бағдарламасының 7 басым бағытына тоқталып, «Дипломмен ауылға» бағдарламасы, жыл сайын 7 мың жасты «Жасыл ел» еңбек жасақтарын ұйымдастыру арқылы жұмысқа орналастыру, «Бастау бизнес» жобасы аясында 1 мың жасты оқыту жоспрада бар екендігі туралы айтты.

0
0
136

Осы тақырып бойынша