Мазмұнға өту

Жаңа

Бопсалаушылардан қашамын деп бесінші қабаттан секіріп кеткен

Ауыр қылмыс жасады деп күдікке ілінген Қызылорда облысының алты тұрғыны Астана – Павлодар автожолында ұсталды.

Олар екі танысын күштеп көлікке отырғызып, пәтерге алып келіп, ұрып-соғып, қару-жарақпен қорқытып, екі күн бойы ұстап, 300 мың теңге мен ұялы телефондарын тартып алған.

Сонымен қатар тағы бір миллион теңге талап еткен. Жәбірленушілердің бірі қашпақ болып, бесінші қабаттан секіріп кетіп, көптеген жарақат алды.

Күдіктілер екінші жәбірленушіні көлікке отырғызып алып, ізін суытпақ болған кезде ұсталды.

Бұл дерек бойынша Қылмыстық кодекстің бірнеше бабымен қылмыстық іс тергеліп жатыр.

Polisia.kz

0
0
223

Рабат Жәнібеков қайтыс болды

Белгілі спорт комментаторы Рабат Жәнібеков 82 жасқа қараған шағында дүниеден өтті.

Бұл туралы оның қызы, журналист Сәуле Жәнібекова әлеуметтік желіде хабарлады.

«Қош бол, папа...», - деп жазды ол.

Рабат Жәнібеков 1942 жылы 27 маусымда Түркістан облысының Қазығұрт ауданындағы Рабат ауылында дүниеге келген.

1970-2000 жылдары ҚазТВ-да редактор, 2004 жылдан ҚР Білім және ғылым министрлігінің ғылыми-практикалық орталығында баспасөз хатшысы болып істеді.

1968 жылдан 2003 жылға дейін қазақ телевизиясында қызмет етті. 1973 жылдан бастап спорт бөліміне ауысып, комментаторлықты бастаған. Алғаш жүргізген матчы – Футболдан КСРО Чемпионатындағы «Қайрат» — «Торпедо» (Мәскеу) кездесуі.

0
0
298

Төтеншеліктер түнімен ұйықтамады

ТЖМ, Алматы қаласы, Алматы және Жетісу облысы ТЖД жедел топтарының тәулік бойы кезекшілігі ұйымдастырылды. Жедел желі телефонына ақпараттық сипаттағы 259 қоңырау түсті.

t.me/qr_tjm

0
0
258

Нұрлан Еспанов: «3 миллион теңге қалыңмалға жинап қойдым»

Белгілі әнші-сазгер Нұрлан Еспанов «Қызықты weekend» бағдарламасына қонақ болды.

Онда Еспанов ұлын үйлендіру туралы сұраққа жауап берді.

"Әмина Өмірзақова апамызға ұқсап өзім шығамын дедім. Олжас, биыл үйленбейсің бе, мен өзім шығамын дедім. Уайымдама, саған қыз табамын дедім. Қалыңмалын бәрін дайындап отырмын. Тойына қанша кететінін білмеймін, қалыңмалына 2,5-3 миллион теңге жинап қойдым", – деді сазгер.

0
0
368

Тоқаев Ноғаевты қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаевты қабылдады.

Мемлекет басшысына облыстың былтырғы әлеуметтік-экономикалық даму қорытындысы туралы баяндалды. Өңірдегі негізгі экономикалық көрсеткіштер бойынша оң динамика бар.

Президентке облыс тұрғындарының әл-ауқатын жақсартуға бағытталған жоспар таныстырылды. Онда ауыл шаруашылығын ілгерілету және инфрақұрылымды дамыту, тұрғындарды сапалы ауызсумен қамтамасыз ету шаралары қамтылған.

Сондай-ақ өңірдің көлік-логистикалық әлеуетін пайдалануға және туризм саласын өркендетуге баса назар аударылған.

Кездесу соңында Мемлекет басшысы бірқатар нақты тапсырма берді.

t.me/aqorda_resmi

0
0
263

Алматыда жуық арада қатты жер сілкінісі болмайды

Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығының сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия алдағы күндері Алматы аумағында жойқын жер сілкіністері 70% ықтималмен Алматы болжалды полигонында күтілмейді деген қорытындыға келді.Операциялық сейсмикалық деректерді талдай отырып, комиссия 2024 жылдың 04 наурыз күні 12 сағат = 20 минутта Алматы болжамалы полигонда сейсмикалық жағдай тұрақты екенін атады.4.03.2024 жылы 11:22 мин (Гринвич бойынша) Қазақстан мен Қырғызстан шекарасында магнитудасы Мрv=6.1 тіркелген жер сілкінісі Алматыда 5 балл, эпицентрде MSK-64 шкаласы бойынша 5-6 балл болды.Комиссия жер сілкінісінен соң думпулер болады деп санайды."Сейсмикалық бақылау және зерттеу Ұлттық ғылыми орталығы" ЖШС сейсмикалық жағдайды бағалау жөніндегі комиссия жақын арада күшті жер сіл…

0
0
263

ТЖМ итімен бірге дайын

ҚР Төтенше жағдайлар министрлігі Республикалық жедел-құтқару жасағының барлық жеке құрамына дереу түрде жалпы жиын жарияланды.

Жалпы жиын бойынша РЖҚЖ базасына жеке құрамның 71 адамы жедел келді. Жедел ден қоюға шамамен жеке құрамның шамамен 70 адамы, 28 бірлік техника және 5 кинологиялық есептоп дайын.

t.me/qr_tjm

0
0
241

Алматыда жол қауіпсіздігі қатаң бақылауда

Алматыда 120-дан астам патрульдік полиция экипажы жол қауіпсіздігін қамтамасыз етуде.

Алматыда жол жағдайы тұрақты және бақылауда: бағдаршамдар қалыпты режимде жұмыс істеп тұр, қаланың негізгі көлік артериялары қолмен реттеуге көшті.
Ата-аналардың бір мезгілде балаларын үйлеріне алып кетуіне байланысты, қаладағы мектептер мен балабақшалар аумағында көлік қозғалысы көбейген. Бұл азғантай кептеліс әдеттегі мәселе ретінде шешілуде;
Алматыдан барлық бағыттар бойынша шығатын жол ашық, көлік ағынының өткізуі қалыпты режимде жұмыс істеуде.
Жанармай құю бекеттеріндегі жағдай да тұрақты: көлік кептелісі жоқ.
Алматы полициясы жол қозғалысына қатысушыларды қабылданып жатқан қауіпсіздік шараларына түсіністікпен қарауға шақырып, жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтауды ескертеді.

0
0
263

Түркістан облысында темір жол көпірінің бөлігі құлады

Әлеуметтік желіде темір жол көпірі құлады делінген видео тарады.

Видеода көрініп тұрғандай, пойыз өтіп бара жатқанда көпірдің бір бөлігі құлайды. Желі қолданушылары құлаған көпірдің бір шетіндегі жазу екенін айтады. Және де бұл Шымкент пен Ақсукент арасындағы тас жол деп жатыр.

Құдай сақтап, темір құлаған кезде көпір астында адам да, көлік те болмаған.

Видеоны мына жерден көруге болады.

0
0
346