Мазмұнға өту

Жаңа

Жетісу облысында мал өсіремін деген инвесторларға жер берілмей қойған

Прокуратура органдары маңызды инвестициялық жобаларды қолдау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде.Фото: mk-kz.kzЖетісу өңірінде 3 жылдан астам екі шаруа қожалығы бордақылау алаңын салу және асыл тұқымды ауыл шаруашылығы жануарларын өсіру үшін жер телімдерін ала алмаған.Жер заңнамасына қайшы, жергілікті атқарушы орган негізсіз жер телімдерін беруден бас тартқан.Прокурорлық қадағалау актісін енгізгеннен кейін инвесторларға жалпы көлемі 39 гектар жер телімдері беріліп, кінәлі лауазымды тұлғалар тәртіптік жауапкершілікке тартылды.Инвесторлардың құқықтарын қорғау прокуратура қызметінің басым бағыттарының бірі болып табылады.Инвесторлардың дабылдарына жедел ден қою мақсатында Фронт-офис құрылып, Жетісу облыстық прокуратурасының Мобильді тобы тәулік бойы жұмыс істейтінін еске саламыз (байланыс телеф…

0
0
313

Өткен айда инфляция қатты кетіпті

Өткен жылғы ақпанмен салыстырғанда тарифтер су бұруға – 33,9%, орталықтан жылытуға – 30,9%, суық суға – 30,8%, қоқыс шығаруға – 30,7%, ыстық суға – 29,4%, электр энергиясына 19,9% өсті.Баға кешенді демалыстарды ұйымдастыру қызметтеріне – 21,5%, санаторийлер қызметтеріне – 16%, денсаулық сақтау қызметтеріне – 13,9%, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 13,3%, шаштараздар мен жеке қызмет көрсету орындары қызметтеріне – 13,1%, ұялы байланыс қызметтеріне 12,4% жоғарылады. Таксимен жол жүру – 11,7%, қалалық автобуспен – 9,3%, жолаушылар теміржол көлігімен – 8,7%, қалааралық автобуспен 8,2% қымбаттады. Жолаушылар әуе көлігімен жол жүру 4% арзандады.Баға деңгейі фармацевтикалық өнімдерге – 11,7%, жиһаз және үйге қажетті заттарға, киім және аяқ киімге – 11%-дан, жеке қолданы…

0
0
283

Мұнай өндіруді қысқарту мерзімі маусым айының соңына дейін созылмақ

Қазақстан мұнай өндіруді ерікті түрде қысқарту мерзімін жазға дейін созады.

Бұл ОПЕК+ ұйымына қатысушы кейбір елдермен бірлесіп жасалып отырған шара. Мұны Энергетика министрлігі хабарлады.

Қазақстан маусым айының соңына дейін тәулігіне 1 млн 468 мың баррель қара алтын өндірмек. Мұндай шешім әлемдегі мұнай нарығының тұрақтылығын сақтау үшін қабылданып отыр. Жалпы ерікті қысқартуды Қазақстан былтыр сәуір айында жариялаған.

@qazaqstantv

0
0
262

Елімізде жолдардағы жағдай туралы ескерту жасалды

Еліміздің автожолдарындағы ауа райы туралы мәлімет жария етілді. 

Фото: egemen.kz
Түркістан, Қызылорда, Қостанай, Жамбыл, Батыс Қазақстан, Ақтөбе облыстары және Алматы қаласында қалың тұман түседі. Салдарынан автожолдарда көрініс шектелуі мүмкін.
Ал, Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Павлодар облыстары мен Астана қаласында екпіні 15-20 м/с жел соғады деп болжанады.
Құрметті республикалық маңызы бар автожолдарды пайдаланушылар!
Қауіпсіздік мақсатында жол жүру ережесін қатаң сақтап, ұзақ жолға шығар алдында ауа райының қолайсыздығын ескерулеріңізді сұраймыз.

#QAJ

0
0
280

Швейцарияда 13-ші зейнетақы берілетін болды. Ал айлық зейнетақы қанша?

Швейцарияда жалпыхалықтық референдум кезінде дауыс берушілердің 58,2%-ы 13-ші зейнетақы беруді қолдады.

Фото: depositphotos.com

Deutsche Welle-нің хабарлауынша, осындай заң жобасын жергілікті кәсіподақтар мен солшыл партиялар ұсынған. Референдумға сайлаушылардың 58%-ы келген. 26 кантонның (Швейцариядағы ірі аумақтық-әкімшілік бөлініс) 16-сы қолдапты.

Айта кетейік, Швейцарияда орташа айлық зейнетақы жалғызбастылар үшін 2450 швейцар франкі (шамамен 1 251 950 теңге), ал жұбайлар үшін 3675 франк (шамамен 1 877 925 теңге).  

0
0
323

Әли Оқапов ұлының тұсауын кестірді

Роза Рымбаеваның баласы, әнші Әли Оқапов ұлының тұсауын кестірді.

"Құрметті @azamatc@dulyga_akmolda_official aғаларым! Біздің өтінішімізді жерге тастамай, қолдап, Зейіннің тұсауын кесіп бергендеріңіз үшін мың алғыс🙏🏽 Зейіннің танымал актер болып кететін түрі бар😂 Отбасымыздың атынан басымызды иеміз, рахмет!" - деп жазды ол Instagram-дағы парақшасында. 

0
0
392

Студентті ұрып-соғып, алып кетпек болғандар ұсталды

Студентке қарсы ауыр қылмыс жасады деген күдіктілер ұсталды.

19 ақпанда белгісіз екі адам 22 жастағы студентті қорқыту арқылы одан қолма-қол ақша мен жеке мүлкін талап еткен. Жәбірленуші олардан қашып, жақын маңдағы дүкенге кіріп үлгерген. Алайда олар дүкенге кіріп, жәбірленушіні ұрып-соғып, өздерімен бірге алып кетуге тырысқан.
Полицейлер жүргізілген жедел іс-шаралар кешені нәтижесінде күдікті 18 және 19 жастағы екі жігіт анықталып, ұсталды. Тонау фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Мұндай қылмыс үшін мүлкі тәркіленіп, үш жылдан жеті жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру түріндегі жаза көзделген.

https://t.me/POLICE_of_KZ

0
0
415

Журналист ауылдан қалаға келген қыздардың ауыр тағдыры туралы айтты

18 ҚАБАТТАН СЕКІРДІАлматыда бүгін тапа-тал түсте зәулім үйдің 18-ші қабатынан жап-жас қыз секіріп кетті. Әлбетте, бірден мерт болды, құтқару мүмкін емес еді.Марқұм бұл ЖК-да тұрмайды екен, қонаққа да келмеген. Жәй ғана есікті ашты, подьезге кірді, лифтімен ең жоғарғы қабатқа көтерілді, балконға шықты да төмен құлдилады22 жасар қыз бұл зәулім үйдің есігі кодсыз ашылатынын, 18-ші қабаттағы балконға еркін енуге болатынын қайдан білген? Яғни, алдын-ала өмірмен қоштасатын нүктесін белгілеген болуы әбден мүмкін. Өзі алматылық емес, ауылдан келген студент екен, Куәгерлер жүкті деседі.Қалай десек те, ешкімнің басына бермесін. Ауылда отырып “Қызым үлкен қалада оқып жатыр” деген ата-анағв баласының мұндай өлімі қандай соққы екені айтпаса да белгілі.Алматыда бәрі жетісіп жүрген жоқ, бір мезгіл жырақ…

0
0
466

Мемлекет басшысы Мәжіліс төрағасын қабылдады

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты қабылдады.Ерлан Қошанов: Мәжілістің қазіргі заң шығару қызметі туралы баяндады:        ➤ жоспарланған өзгерістерді заңнамалық тұрғыда қамтамасыз ету жөніндегі Мемлекет басшысының жүктеген барлық міндеті тиісті деңгейде және уақытылы орындалып жатыр;        ➤ соңғы екі айда ғана Мәжіліс 18 заң қабылдап, Сенаттың қарауына жіберген. Атап айтқанда, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл, цифрландыру, ғылым, бизнес жүргізу, медицина қызметкерлерінің жауапкершілігін сақтандыру, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қон мәселелері секілді құқықтық нормаларға түзетулер енгізілген;        ➤ қазі…

0
0
450

Астанада досын құтқаруға көмектескен бала марапатталды

Астанада досын құтқаруға дер кезінде көмек шақырған 7 жасар бала марапатталды.Сарыарқа ауданы ПБ полиция бөлімінің бастығы Қадыр Малғаздаров досының суға батып бара жатқанын көріп, балықшыларды көмекке шақырып үлгерген 7 жастағы Пусь Дархан атты балаға ризашылығын білдіріп, марапатын ұсынды. Сондай-ақ суға батып бара жатқан баланы құтқарған батырлардың бірі балықшы Абдужапбар Абдураимовқа да бағалы сыйлық “қол сағаты” табыс етілді. Бұл оқиға бойынша “102” жедел арнасына Есіл өзенінің жағалауында балықшылар кәмелетке толмаған баланы судан алып шыққаны туралы хабар түсіп, жедел түрде автопатруль жіберілген.Анықталғандай, түскі астан кейін 7 жастағы бала құрбысымен жағалау бойымен серуендеуге барып, олар ойнап жүріп мұзға шыққан. Бір кезде мұз жарылып, балалардың бірі суға құлап кеткен. Жақы…

0
0
495