Мазмұнға өту

Жаңа

Кішкендай Димаш гимнастикадан халықаралық турнирде бірнеше медаль ұтып алды

Гимнастикадан халықаралық турнир Дубайда өткен.

Онда 7 жасар қазақстандық Димаш Қанат 6 медаль ұтып алды. Оның екеуі – алтын, төртеуі – күміс.

Димаш гимназияның бірінші сыныбында оқиды. Ал 2023 жылдың қыркүйегінен Алматыдағы Мамандандырылған балалар және жасөспірімдер олимпиада резерві мектебіне барып жүр.

0
0
312

Прокуратура жалған екпе жасау деректерін анықтады

Солтүстік Қазақстан облыстық денсаулық сақтау мекемелеріндегі тексерулер медициналық мақсаттағы бұйымдарды ұтымсыз пайдалану, жалған екпе қою және ресми құжаттарды бұрмалау сияқты өрескел заң бұзушылықтарды анықтады.Осылайша, санитарлық ережелердің талаптарын бұза отырып, денсаулық сақтау қоймасында 7,8 млн.теңге сомасында 1,8 мың доза көлемінде қызылша, паротит, қызамық және А гепатитіне қарсы жарамдылық мерзімі өтіп кеткен вакциналар болғаны анықталды. Прокурорлық тексерулер қызылша мен сібір жарасына қарсы жалған екпенің 70-тен астам фактісін, сондай-ақ қалалық емханалардың бірінің медицина қызметкерлерінің ресми құжатты бұрмалау фактілерін анықтады. 4 ақпанда прокуратура органдарының материалдары негізінде Петропавл қалалық полиция басқармасы Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексіні…

0
0
242

СҚО-дағы кәсіпорыннан 45 келі сынап табылды

Солтүстік Қазақстан полициясы "Дәрмек" алдын алу іс-шарасының бірінші кезеңін аяқтады. Оның мақсаты есірткінің заңды айналымы саласындағы құқық бұзушылықтарды анықтауға бағытталды болды. Бес күн ішінде тәртіп сақшылары облыс аумағындағы 55 өнеркәсіптік және медициналық мекемені тексерді. Он үш нысанда фармацевтикалық қызмет ережелерінің және дәрілік заттар мен медициналық бұйымдардың айналымы саласының әртүрлі бұзушылықтар анықталды."Құрамында есірткі бар препараттарды сақтау мен пайдаланудың қатаң ережелері олардың "қара нарыққа" енуіне жол бермеу үшін қажет. Тексеру нәтижелері бойынша жауапты тұлғаларға қатысты 24 әкімшілік хаттама толтырылды. Барлығы 16 килограмм 720 грамм прекурсорлар, 1030 ампула және 120 психотроптық дәрілер, 394 есірткі заттарының ампулалары тәркіленді. Сондай-ақ,…

0
0
251

Қазақ-өзбек шекарасында рұқсат қағазын алу жеңілдейтін болды

Өзбек рұқсат бланкілерін беруді одан әрі оңайлату мақсатында Қазақстан Республикасы Көлік министрінің, Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің және Қазақстан Республикасы цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрінің өзбекстандық рұқсат бланкілерін беру жөніндегі пилоттық жобаны іске асыру туралы бірлескен бұйрығының жобасы әзірленді.Пилоттық жоба биыл сәуір айынан бастап Атамекен, Б.Қонысбаев, Қазығұрт, Қапланбек және Тәжен өткізу пункттрінде кеден органдарының өзбек рұқсат бланкілерін электрондық түрде беруді жүзеге асыруды көздейді.Тасымалдаушыға «үшінші елдерге/елдерден» түріндегі рұқсаттарды беруге өтінішті қабылдау Қаржы министрлігіне қарасты Мемлекеттік кірістер комитетінің аумақтық органдарымен CarGoRuqsat электрондық кезектің автоматтандырылған жүйесі арқылы ж…

0
0
274

Алматыдағы жер сілкінісі үкіметте талқыланды

Премьер-министр Олжас Бектеновтың төрағалығымен өткен Үкімет отырысында күн тәртібінен тыс Алматы қаласында болған жер сілкінісі бойынша ахуал қаралды.Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов ТЖ-ның алғашқы минуттарынан бастап барлық қызмет бекітілген алгоритмдерге сәйкес дереу жұмысты бастағанын айтты. Іс-қимылдарды үйлестіру үшін республикалық және облыстық штабтар ұйымдастырылды.Азаматтарды жер сілкінісі және одан әрі іс-әрекеттер туралы хабардар ету теле- және радиоарналар арқылы, сондай-ақ сөйлеу дабылы мен басқа да құралдардың көмегімен жүзеге асырылды. Сондай-ақ 384 азаматтарды қабылдау пункті ашылды. Тәулік бойы жұмыс істейтін «жедел желі» іске қосылды.Қазіргі уақытта Алматының тіршілікті қамтамасыз ету жүйелерінің барлық нысаны штаттық режимде жұмыс істеуде, елдегі сейсмикалық жа…

0
0
202

Журналист әл Фараби университеті студенттерді қинап жатқанын мәлімдеді

ЖАСТАРҒА АҚША БЕРМЕЙ-АҚ ҚОЯЙЫҚ, ҚАЛТАСЫНДАҒЫ АҚШАҒА ТҮСПЕЙ-АҚ ҚОЙСАҚ ҚАЙТЕДІ?...Жансейіт аға, Жәке, ҚазҰУ-де сіз де оқыдыңыз, біз де оқыдық. Ол кезде ҚазМУ (КазГУ) еді.. Қазір Ұлттық статус алған. Алайда, неге ұлттық қасиеттен жұрдай болған?Қазақ деген ұлт қашан әлі жетілмеген өренді өз қалтасынан ақша шығаратын жерге жұмсап еді?Қазақ деген ұлт қашан жетім баланың қалтасын қағып еді?Ал, біздің нақ білуіміз бойынша ҚазҰУ кемі 8-9 жылдан бері студенттерді "газетке университет туралы жарнама мақала беріңдер" деп мәжбүрлеп келеді. Ал, жарнама ақша тұрады. Оны басқалар білмесе де Ұлттық университеттің мүйіздері қарағайдай профессорлары мен доценттері, декандары мен ксафедра меңгерушілері, басқа да қызметкерлері жақсы білуі керек! Бізге жылда ҚазҰУ-дің студенттері өздері оқитын университеті, фа…

0
0
344

Президент Сенат төрағасын қабылдады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаевты қабылдады.Мәулен Әшімбаев: Парламент Сенатының реформаларды заңнамалық тұрғыдан қамтамасыз ету жұмыстарының өткен айлардағы қорытындысы және алдағы кезеңге арналған жоспары жөнінде мәлімет берді; Президенттің елімізді және өңірлерді дамытуға бағытталған тапсырмаларының жүзеге асырылуы Сенат үшін негізгі басымдық саналатынын айтты; қазіргі уақытта әйелдердің құқығы мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, денсаулық сақтау, трансферттік баға белгілеу, халықтың көші-қоны, байланыс және цифрландыру, ғылым және білім мәселелеріне қатысты заңдар сенаторлардың қарауында жатқанын жеткізді. Сенаторлар ғылым, сот жүйесін реформалау, органикалық өнімдердің айналымы, қауіпсіз еңбек жағдайын жетілдіру және жұмысшылардың еңбек құ…

0
0
236

"Бастарыңды жарамын". Мақпал Жүнісова кімдерге ашулы?

Белгілі әнші Мақпал Жүнісова өзінің Instagram-дағы парақшасында мәлімдеме жасап, видео жариялады.

"Құрметті менің жазылушыларым, ешкімге сенбеңіздер. Телефоннан ешқандай дауыс бермеңіздер. Мынау тонаушылық. Телефонымды бұзып, уатсабым істемей қалды. Маған дауыс бер деді. Дәлел Уашқа дауыс беріп едім, телефоным істемей қалды ғой. Сосын ақша қағып алған. Сұмдық енді. Онымен соттасып жүруге уақыт та жоқ. Концертке дайындық болып жатыр. Ондайға сенбеңіздер. Маған дауыс керек болса, өзім айтам ғой айғайлап. «Мен мындамын, дауыс беріңіздер» деп. Мен байқауға қатысып жатқан жас әнші емеспін. Мынау алаяқтар. Табылсаңдар, бастарыңды жарамын. Қазір мен тапсырма беремін. Осыдан тауып алсақ сіздерді..." - деді ол әлеуметтік желіге жариялаған видеосында.

0
0
211

2024 жылы ораза қай күні басталатыны айтылды (қалалар мен аймақтар бойынша кесте)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Шариғат және пәтуа бөлімі Түркия, Әзірбайжан, Өзбекстан, Қырғызстан т.б. елдердің Ғұламалар кеңесімен, пәтуа саласына жауапты ғалымдармен ақылдаса келе, биылғы Рамазан айының басталатын күні бекітілді.Фото: depositphotos.com-Ортақ пәтуаға сәйкес, қасиетті Рамазан айы 11 наурызда басталады. Ал сәуір айының 5-нен 6-на қараған түн – қасиетті Қадір түні. 10 сәуір – Ораза айт мерекесі.Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының Төралқа мәжілісінде пітір садақасы еліміз бойынша екі келі ұнның орташа бағасы негізінде 640 теңге болып бекітілді.Сондай-ақ өзіңізге қажетті облыс, қала, аудан және ауылдың (барлығы 6000 елді мекен) ораза және намаз кестесін жоғары сапада pdf форматта muftyat.kz сайтынан https://www.muftyat.kz/kk/page/ramadan сілтемесі бойынша жү…

0
0
339

Газаға 5 ай ішінде 70 мың тонна жарылғыш зат тасталған

5 ай бойғы соғыс кезінде Газа секторына 70 мың тонна жарылғыш зат тасталған.

Фото: Reuters

Израиль әскері Газадағы 150 күн бойы болып жатқан әскери операция барысында мынадай әрекеттер жасады:

70 мың тұрғын үйді жоқ қылды;

290 мың ғимаратты тұруға жарамсыз етті;

500 мешітті қиратты;

бомбалау мен оқ жаудырудың кесірінен 32 аурухана мен 53 медицина орталығы жұмысын тоқтатты;

100 мектеп пен университет толық, 305-і жартылай қираған

https://t.me/sputnikKZ

0
0
236