Мазмұнға өту

Жаңа

Ардагерлер ақ батасын берді

Жиынды ашқан партияның сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Альберт Аққайнанов:– Әлбетте, әркез қартын сыйлап, үлкенін қадірлеген елміз. Бұл орайда, біздің партия «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты жобалар арқылы еңбек және тыл ардагерлеріне қолғабыс жасап келеді. Бұдан бөлек, пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасылар мен тыл ардагерлеріне партия бастамасымен 50 мың теңгеден көмек көрсетілді. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасында да қарттарға қамқорлық жасау мәселесі басты назарда. Соның ішінде жалғызбасты, қамқоршысынан айырылған ардагер аға-апаларымызға атаулы көмек көрсету, зейнетақыны өсіру, денсаулығы нашар егде жастағы адамдарға арналған белсенді өмір сүру орталықтарын ашу сынды бірқатар шаралар жүзеге асырылады, – деді.Одан әрі сөз сөйлеген партияның с…

0
0
249

Гүлнар Зекенқызы ауданымызды аралап, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлнар Зекенқызы ауданымызды аралап, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

1
0
224

"БиоШТЭК" ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу

Атырау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы және «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы "БиоШТЭК" ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, алдағы науқанда "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
206

Қоянды ауылында «Есіктен есікке» акциясын өтті

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұржан Әбішев Абай ауданының Қоянды ауылында «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Нұржан Сағынтайұлы ауыл тұрғындарына үгіт материалдарын таратып, Абай ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту бойынша қандай шаралар көзделгенін айтып берді.2025 жылға дейін Қоянды кентінің кіреберіс жолының 3 шақырымын орташа жөндеу жоспарлануда. 2022-23 жылдары Қоянды ауылында медициналық пункт салу жоспарлануда, бұл ауылдағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.Кандидат ауыл тұрғындарын 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.Кандидат в депутаты Абайского районного маслихата парти…

0
0
121

Гүлнар Зекенқызы Құйған ауылдық округіне барып үйді-үйлерді аралап "Есіктен есікке" акциясын өткізді

"Nur Otan" партиясы Тарбағатай аудандық мәслихаты депутаттығына үміткерлер Гүлнар Зекенқызы Құйған ауылдық округіне барып үйді- үйлерді аралап "Есіктен есікке" акциясын өткізді. Акция барысында ауыл тұрғындарын "Nur Otan" партиясының сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттарымен таныстырып, дауыс беруге белсенді қатысуға шақырды, әрбір дауыс біз үшін маңызды!

1
0
159