Мазмұнға өту

Жаңа

«Кедергісіз келешек» жобасы

«Nur Otan» партиясының облыстық және аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер «Кедергісіз келешек» жобасы аясында аудандағы мүмкіндігі шектеулі азаматтармен жүздесті.

Үмтікерлер партияның алдағы бес жылға арналған сайлауалды бағдарламасымен таныстырып, қоғамды алаңдатып отырған түйткілді мәселелерді шешудің жолдарын атап көрсетті. Мүмкіндігі шектеулі жандарда өздерін толғандырған сауалдарын қойып, толғандырып жүрген жайларды қозғады.

- Осы сайлауға байланысты біздер мүмкіндігі шектеулі жандар өзімізге қатысты мұң-мұқтажымызды ескерсе екен дейміз. Сұраған қажетті нәрселерімізді тауып беруге, алып беруге кішкене жағдай жасаса екен. Кейбір кісілер газетке жазыла алмайды, көмек сұраймыз. Өзімізге зағиптарға арналған кеңсе сұраймыз. Қажетті нәрселермен толықтырып берсе деп ойлаймыз. Әркімнің қалауы біледі. Біздер өзіміз шама келгенше «Nur Otan» партиясына дауыс береміз, - дейді зағиптар қоғамының төрағасы Ұлпат Шонышева.

Партия мүшелері мүмкіндігі шектеулі жандар көтерген қандайма мәселе болмасын назардан тыс қалмай, салалық бөлім арқылы жедел шешуге ат салысатындарын айтты. Сонымен қатар бес жылдық жоспарлы бағдарламада мүгедектер мәселесін шешудің бірнеше тармақтары бар екенін де атады.

- «Nur Otan» партиясының «Кедергісіз келешек» жобасы аясында мүмкіндігі шектеулі азаматтармен кездесіп, олардың пікірлері мен ұсыныстарын тыңдап, ой бөлісіп өз тарапымыздан сайлауалды бағдарламамызды түсіндірдік. 10 қаңтарда болатын сайлауда «Nur Otan» партиясына дауыс беруге баршаңызды шақырамын, - деді партиялық бақылау комиссиясының төрағасы, үміткер Әлия Қарашинаны сөзге тартқанымызда.

Партия құр уәдемен шектеліп қалмай көптің келешегі үшін атқарылар істі бүгін қолға алып, аяғына дейін жеткізуге белсенді әрекет етіп отыр. Партияны алда үлкен жұмыстар күтіп тұр.

С. КӨШЕКОВ

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Индер ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді.

0
0
206

Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Шаухар Қойшығұл

Маңғыстау аудандық маслихат депутаттығына кандидат Шаухар Қойшығұл Сайынұлы қоғамдық қабылдау өткізді. Қоғамдық қабылдауда: жанармай бағасының жоғары болуы, жаз айларында жоғары ауылдарға келетін судың жетіспеушілігі сонымен қатар мал азығына көмек беру жөнінде сұрақтар қойылды.  Бұл айтылған мәселелер «Nur Otan» партиясы Маңғыстау ауданы бойынша САЙЛАУАЛДЫ БАҒДАРЛАМАСЫНДА қарастырылған.

0
0
218

Ардагерлер ақ батасын берді

Жиынды ашқан партияның сайлауалды штабы төрағасының орынбасары Альберт Аққайнанов:

– Әлбетте, әркез қартын сыйлап, үлкенін қадірлеген елміз. Бұл орайда, біздің партия «Ардагерлерді ардақтайық», «Кедергісіз келешек» атты жобалар арқылы еңбек және тыл ардагерлеріне қолғабыс жасап келеді. Бұдан бөлек, пандемия кезінде тұрмысы төмен отбасылар мен тыл ардагерлеріне партия бастамасымен 50 мың теңгеден көмек көрсетілді. Сондай-ақ, партияның сайлауалды бағдарламасында да қарттарға қамқорлық жасау мәселесі басты назарда. Соның ішінде жалғызбасты, қамқоршысынан айырылған ардагер аға-апаларымызға атаулы көмек көрсету, зейнетақыны өсіру, денсаулығы нашар егде жастағы адамдарға арналған белсенді өмір сүру орталықтарын ашу сынды бірқатар шаралар жүзеге асырылады, – деді.

Одан әрі сөз сөйлеген партияның сайлауалды штабының мүшесі Мақсот Карин ардагерлерге қамқорлық жасау жолында «Nur Otan» партиясының еңбегі зор екендігіне тоқталса, аудандық мәслихат депутаттығына үміткерлер Есенбай Нұров пен Сайлаубек Темірғалиев ауданның ауылшаруашылығы саласын көтеру, өр суының тасымауы және тағы да басқа бірқатар мәселелерді қозғады. Жиын соңында ардагерлер партия бағдарламасына сенім білдіріп, сәттілік тіледі.

«Nur Otan» партиясының Атырау облысы Қызылқоға ауданының сайлау қоры қаражатының есебінен төленді

0
0
277

Гүлнар Зекенқызы ауданымызды аралап, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді

"Nur Otan" партиясы аудандық мәслихат депутаттығына үміткер Гүлнар Зекенқызы ауданымызды аралап, тұрғындармен үгіт-насихат жұмыстарын жүргізді. Тұрғындармен көзбе-көз тілдесе отыра, партияның сайлауалды бағдарламасының негізгі бағыттары таныстырып, алға қойған жоспарларымен бөлісті.

1
0
247

"БиоШТЭК" ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесу

Атырау облыстық маслихат депутаттығына үміткерлер  Құлғалиев Сағидолла Саламатұлы және «Nur Otan» партиясы Индер аудандық филиалы жанындағы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі қоғамдық кеңестің мүшесі Гильманов Қайырлы Нарынбайұлы  "БиоШТЭК" ЖШС-нің қызметкерлерімен кездесті. Кездесуде партияның сайлауалды бағдарламасымен таныстырып,  алдағы науқанда "Nur Otan" партиясын қолдауға шақырды.

0
0
229

Қоянды ауылында «Есіктен есікке» акциясын өтті

«Nur Otan» партиясының Абай аудандық мәслихаты депутаттығына кандидат Нұржан Әбішев Абай ауданының Қоянды ауылында «Есіктен есікке» акциясын өткізді. Нұржан Сағынтайұлы ауыл тұрғындарына үгіт материалдарын таратып, Абай ауданы бойынша 2021-2025 жылдарға арналған «Nur Otan» партиясының Сайлауалды бағдарламасында ауыл тұрғындарының өмірін жақсарту бойынша қандай шаралар көзделгенін айтып берді.

2025 жылға дейін Қоянды кентінің кіреберіс жолының 3 шақырымын орташа жөндеу жоспарлануда. 2022-23 жылдары Қоянды ауылында медициналық пункт салу жоспарлануда, бұл ауылдағы медициналық көмектің сапасын жақсартуға мүмкіндік береді.

Кандидат ауыл тұрғындарын 2021 жылғы 10 қаңтарда сайлау учаскелеріне келіп, «Nur Otan» партиясына дауыс беруге шақырды.

Кандидат в депутаты Абайского районного маслихата партии «Nur Otan» Нуржан Абишев провел акцию «От двери к двери» в селе Коянды Абайского района. Нуржан Сагынтаевич раздал агитационные материалы жителям села, рассказал, какие меры по улучшению жизни жителей села предусмотрены в Предвыборной программе партии «Nur Otan» по Абайскому району на 2021-2025 годы.

До 2025 года планируется средний ремонт 3 км подъездной дороги к п.Коянды. В 2022-23 годах планируется строительство медицинского пункта в с. Коянды, что позволит улучшить качество медицинской помощи на селе.

Кандидат призвал сельчан прийти на избирательные участки 10 января 2021 года и отдать голоса за партию «Nur Otan».

Преодолев испытания, победим вместе!

#NurOtan #JenimpazBol #BizBirgemiz #JasOtan #Tanday2021

0
0
138